Академия қабырғасында Ғылым күніне арналған көрме өтті

14 сәуірде ғылыми-клиникалық жұмыстар, докторантура және магистратура басқармасы Қазақстандағы Ғылым күніне орай көрме ұйымдастырды. Көрменің тақырыбы академияның ғылым, инновация және білім саласындағы жетістіктеріне арналды.

Іс-шараға жобаларды басқару және коммерцияландыру офисі, «South clinical & Genetic laboratory» лабораториясы, тәжірибелік дағдылар орталығы, қашықтан білім беру технологиялары бөлімі және 22 кафедра: "Биология және биохимия", "Неврология, психиатрия және психология", "Терапия және кардиология", "Жұқпалы аурулар және дерматовенерология", "Дәрілер технологиясы", "Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология", "Хирургия-2", "Фтизиопульмонология және радиология", "Педиатрия-1", "Микробиология, вирусология және иммунология", "Жалпы практика дәрігері-1", "Жалпы практика дәрігері-2", "Акушерлік және гинекология", "Фармакогнозия", "Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер", "Қазақ, орыс және латын тілдері", "Фармацевтикалық және токсикологиялық химия", "Медбиофизика және ақпараттық технологиялар", "Фармация ісін ұйымдастыру және басқару", "Әлеуметтік медициналық сақтандыру және қоғамдық денсаулық сақтау", "Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі", "Отбасылық медицина" белсене қатысты. Қатысушылар жобалар, ғылыми жарияланымдар, авторлық куәліктер, патенттер, монографиялар, оқулықтар, дипломдар, медальдар және ғылыми қызметтің басқа да нәтижелерін ұсынды.

16.04.2023, 01:32
385 қаралым