Академия докторанты Ұлыбританияда тағылымдамадан өтті

4 қарашада докторант С.О. Абдраимованың, Лондон Университеттік колледжінің неврология институтының (UCL) базасында өткен тағылымдамасы аяқталды. Ұлыбританияның «Research Excellence framework 2021» жүйесіне сәйкес Неврология, психиатрия және психология саласындағы зерттеу әлеуеті бойынша UCL – Ұлыбританияның жетекші университеті болып табылады. Неврология институтында орталық жүйке жүйесінің барлық ауруларын қамтитын клиникалық және генетикалық зерттеулермен айналысатын 8 бөлім бар.
Тағылымдама барысында С. О. Абдраимова нейрогенетикалық зертхананың жабдықталуымен және жұмыс принциптерімен танысты, профессор Г. Холденмен бірге пациенттерді тексеруге қатысты, күн сайын дәрігерлерге арналған дәрістер мен семинарларға қатысып, қызықты клиникалық жағдайлар талқылады. Сонымен қатар профессор Г. Холденмен диссертациялық жұмыстың мәселелері талқыланды.

15.11.2022, 12:05
412 қаралым