Академия докторанттары Түркияда тағылымдамадан өтті

"Медицина" және "Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандықтары бойынша оқитын 2 және 3 оқу жылының докторанттары Ыстамбұл қаласындағы Мармара университетінің клиникалары базасында өткен тағылымдаманы сәтті аяқтады. Тағылымдама барысында докторанттар амбулаториялық және стационарлық кезеңінде науқас пациенттерді диагностикалау, алдын алу және емдеу принциптерімен танысты. Докторанттар екі университеттік клиникаға және келесі бірқатар бөлімшелерге барды: "Ревматология", "Оңалту және физикалық медицина", "Альгология", "Кардиология", "Неврология", "Хирургия", "Реанимация және қарқынды терапия" және т. б. Тағылымдамадан өту кезінде докторанттар пациенттерді басқару бойынша жергілікті клиникалық хаттамалармен, ауру тарихын жүргізу қағидаттарымен және жергілікті "Origo" ААЖ пайдалану ережелерімен танысты. Сондай – ақ, біздің докторанттарымызға Мармара университеті медицина факультетінің профессоры, Мехмет Тунджай Дуруоздың бірқатар дәрістерінің тыңдаушылары болуы бұйырды. Мармара университетінің басшылық құрамына, дәрігерлерге, профессорлық-оқытушылық құрамына қонақжайлылық көрсеткені үшін алғыс айтамыз!

02.11.2022, 14:54
428 қаралым