Академик А.П. Арзамасцевты еске алуға арналған Фармация апталығы
И.М. Сеченов атындағы Бірінші МММУ (Сеченов Университеті) «МИФИ» Ұлттық зерттеу ядролық университеті (НИЯУ МИФИ) және «Калуга фармацевтикалық кластері» Ассоциациясымен бірлесіп, «Фармация апталығы» аясында академик А.П. Арзамасцевты еске алуға арналған «Заманауи кезеңдегі фармацевтикалық экологияның интеграциялық байланыстары - 2023» атты халықаралық конференцияны осы жылдың 13-16 қарашасында ұйымдастырды.
А.П. Нелюбин атындағы Фармация Институтының директоры профессор Г.В. Раменскаяның айтуынша, осы жылдың басында ұйымдастырылған барлық конференция түріндегі ғылыми, білім беру іс-шаралары, дөңгелек үстелдер, олимпиадалар, конкурстар, хакатондар А.П.Арзамасцев атауымен өткізілген. Ал қараша айындағы Фармация апталығындағы іс-шаралар фармацевтикалық ғылым және білім беру саласында әлем мойындаған ғалым әрі педагогқа арналған жылды қорытындылау болып табылды. Осы күнге орай көрнекті ғалым туралы әріптестері, достары және шәкірттерінің естеліктері жазылған «Дәрілік заттарды жасау және тіркеу» журналының арнайы шығарылымы жарық көрді.
А.П. Арзамасцевтің есімі біздің Академияның қалыптасу жылдарымен тікелей байланысты. Сол кездің өзінде академиялық ұтқырлық басталып, профессор А.П.Арзамасцев жаңадан қалыптасып келе жатқан оқу орнына көшпелі дәрістер, семинарлар, алдыңғы қатарлы ғалымдардың кеңес беруін ұйымдастыра отырып, зор көмек көрсетті. 1983-1993 жж. мәскеулік ғылыми-педагогикалық мектепте бағытты аспирантурада білім алған біздің оқу орнының 15 аса қызметкерлері Сеченов университетінде кандидаттық диссертациясын сәтті қорғаған. Олардың барлығы қазіргі кезде фармацевтикалық білім беру, ғылым және бизнес саласында еңбек етіп, Қазақстанның экономикалық дамуына зор үлес қосып жүр, кейбіреулері шетелдерде тұрып, жұмыс жасап, табысқа жетуде (Ресей, Белоруссия, Израиль, АҚШ, Германия, Польша және т.б.).
Сеченов университеті А.П.Нелюбин атындағы фармация Институты базасында өткен форум іс-шарасы әртүрлі бағыттарда өтті: 5 ғылыми-білім беру секциялары, ғылыми тәлімгерлік мектебі, студенттік хакатондар, жас ғалымдар жұмысының, постерлер және логотиптер жасау және т.б. байқаулары.
Конференцияға оффлайн және онлайн режимде Академияның қызметкерлері мен жас ғалымдары қатысты. Профессор С.К.Ордабаеваның «Қазақстан Республикасының тұрақты даму кезеңінде фармацевтика саласында мамандарды даярлау» тақырыбындағы баяндамасы аудиторияның үлкен қызығушылығын тудырды. Онда 3 деңгейлі білім беру ерекшеліктері, білім беру сапасын қамтамасыз ету сұрақтары, дуальды білім беру және мамандарды даярлаудағы басқа да аспектілерді біздің Академияның білім беру қызметі мысалында атап өтті.
Орынбасарова К.К. «Дәрілік өсімдіктер: Қазақстанның бірегей флорасы» атты баяндамасында біздің еліміздің бай флорасы, табиғи қорықтары, адам қолы тимеген табиғи байлықтары, «Қасқасу» спорттық-сауықтыру лагері мен «Ынтымақ» оқу-өндірістік кешені аймағында өсетін жабайы және мәдени дәрілік өсімдіктер жайлы айтып берді.
Қазақстан Республикасының фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының президенті Дурманова М.И. еліміздегі және ЕАЭО кеңістігіндегі фармацевтика саласының даму ерекшеліктерін ескере отырып, «Қазақстан Республикасында контрактты өндірісті дамыту. Мәселелер және оны шешу жолдары» тақырыбында баяндама жасады.
Ағылшын тілінде білім алушылардың постерлі баяндамалар байқауында 40 аса жұмыстар болды, оның ішінде біздің Академия атынан магистрант М.Нұрсұлтанқызы өзінің эксперимент нәтижелері бойынша «Судың құрамындағы дәрілік заттар қалдығын зерттеу», А.Абилова «Түркістан облысында мәдени өсетін ақжелкеннің микробиологиялық тазалығы қолдану қауіпсіздігі көрсеткіші ретінде» тақырыбында постерлер ұсынды.
Абдукаримова К. «Оңтүстік Қазақстанда өсетін жусан майлы экстрактын хроматографиялық зерттеу» тақырыбында постерлік баяндама жасады. Байқау нәтижесі бойынша Нұрсұлтанқызы М. - 1 орынға, Абдукаримова К. 3 орынға иеленді (екеуі де фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының магистранттары).
Қорыта айтқанда, Фармация апталығы фармацевтика ғылымы аясында, фармацевтика саласында мамандар даярлау және Ұстаз - Александр Павлович Арзамасцевтың әріптестері мен мен шәкірттерінің көптен күткен кездесуі үшін пікірлер мен тәжірибе алмасу алаңына айналды.