АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ - ЖОҒАРЫ ОҚУ БІЛІМІНІҢ НЕГІЗІ
Дүниежүзінде өтіп жатқан заманауи интеграциялық процестер білім жүйесіне бірқатар өзгерістер алып келді.
Бірдей еңбек нарығын қалыптастыру, мемлекеттің және ЖОО бәсекелестігін арттыру мақсатында академиялық ұтқырлық Болондық процестің негізгі мақсаты және құралы ретінде қарастырылады. Келісім шартқа тұрған серіктес ЖОО-мен академиялық ұтқырлық аясында «ОҚМА» АҚ тәжірибе алмасу мақсатында жоғары білікті мамандарды шақырады.
4 желтоқсан және 14 желтоқсан аралығында фармакогнозия кафедрасына Башқұрт мемлекеттік медицина университетінің фитотерапия және ботаника негіздері курсымен бірге фармакогнозия кафедрасынан Пупыкина Кира Александровна шақырылды.
Академиялық ұтқырлықтың жоспарына «Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын 3, 4, 5 курстың студенттеріне зертханалық сабақ өту, оқытушымен бірге өзіндік жұмысын тексеру, аралық бақылау қабылдау, сабақтарға қатысу, жобалық бағытталған оқыту бойынша студенттердің есебін тыңдау және өңдеу, академия қабырғасында жыл сайын өтетін халықаралық ғылыми конференцияға қатысу кіреді. «Фармакогнозия-1», «Ресурстану және дәрілік өсімдіктердің экологиясы», «Дәрілік шикізатты талдау және стандарттау» пәндерінен сабақ кестесі құрылды.
«Құрамында алкалоидтары бар ДӨШ талдау(изохинолин, индол, пурин туындылары, сыртқы белгілері, микроскопия, сапалық реакциялары, хроматографиялық таладу, НҚ сәйкес сандық мөлшерін анықтау)», «Антрацентуындылары бар ДӨШ талдау», «Құрамында флавоноиды бар ДӨШ талдау», «Құрамында алкаоиды бар ДӨШ талдау (стероидты және дитерпенді алкалоидтар, сыртқы белгілері, микросокпия, сапалық реакциялары, хроматографиялық талдау, НҚ сәйкес сандық мөлшерін анықтау)», «Дәрілік өсімдікті культивациялаудың экологиялық аспектілері» тақырыптарынан зертханалық жұмыстар жүргізілді, сондай-ақ дәріс және тәжірибелік сабақтар барысында осы тақырыптар талданды және қарастырылды.
Профессор Пупыкина К.А. тек өзінің тәжірибесімен ғана алмасып қоймай, сонымен қатар зертханалық сабақтар өткізді, студенттерден аралық бақылау қабылдады. Аралық бақылау барысында студенттердің дайындығына зер сала отырып, оң баға берді.
Зертханалық сабақтар барысында зертханалық эксперимент шағын топтармен жүргізілді, дәрілік өсімдіктер шикізатының тиімді фармакогностикалық талдау әдістері талқыланды.
Оқытушы ДӨШ-нан биологиялық белсенді заттардың бөлінуін, сондай-ақ олардан сығынды алу жолдары туралы пікірталастар өткізді. Ол физика-химиялық қасиеттеріне, жинақталуына және өсімдік өміріндегі ББЗ маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ өсімдіктермен жұмыс процесінде экологиялық факторларға, олардың жіктелуіне, қоршаған ортадағы экологиялық факторлардың дәрілік өсімдік шикізатының сапасына әсері бойынша түсіндіру сабақтарын өткізді. Студенттер бұл тақырыптарға өте қызығушылық танытты және сабақ барысында көптеген пайдалы ақпарат ала алғанын атап өтті.
Сонымен қатар, «ОҚМА» АҚ қабырғасында студенттер өткен оқу жылдан бастап енгізілген жобалық-бағытталған оқу бағыты бойынша жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша есеп береді. Осыған сәйкес, жаңа оқу жылының басынан бастап біздің кафедрада ғылыми қызығушылықты арттыру мақсатында студенттерді жобалық-бағытталған оқыту енгізілді. Пупыкина Кира Александровна жобалық-бағытталған оқу бағыты бойынша жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша студенттердің аралық есебін тыңдап, қызықтырған сұрақтарын қойды, студенттерге шетелдік профессордың кеңестері мен ұсыныстары өте пайдалы болды.
2023 жылғы 6-8 желтоқсан аралығында «ОҚМА» АҚ қабырғасында жас ғалымдар мен студенттердің алғашқы халықаралық форумы өтті. 7 желтоқсан күні пленарлық отырыста Башқұрт мемлекеттік медицина университетінің ботаника және фитотерапия негіздері курсымен фармакогнозия кафедрасының профессоры, фармацевтикалық пәндердің циклдік әдістемелік комиссиясының төрағасы, фармацевтика ғылымдарының докторы Пупыкина Кира Александровна «Башқұрт мемлекеттік медицина университетінің фармацевтика факультетінің білім беру және ғылыми қызметінің негізгі бағыттары» тақырыбында мәлімдеме жасап сөз сөйледі. Баяндаманың соңында қатысушы ұйымдастырушылардан дипломмен және естелік сыйлықпен марапатталды.
Сондай-ақ, Пупыкина Кира Александровна 2023 жылғы 7-8 желтоқсан күні «Биология, медицина және фармацияны дамыту перспективалары» атты жас ғалымдар мен студенттердің X-шы Халықаралық ғылыми конференциясы аясында өткен «Табиғи дәрілік заттар және оларды қолдану перспективалары» секциялық отырысында модератор ретінде сөз сөйледі. Конференция барысында модераторлар сұрақтар қойып, баяндамашыларды бағалады.
Конференцияның салтанатты жабылуында қорытынды сөз сөйлеп, үздік жас ғалымдар мен студенттерге құрмет диплом мен мүсіндерді табыс етті.
Фармакогнозия кафедрасының меңгерушісі К.К. Орынбасарованың жетекшілігімен кафедра ұжымы мен білім алушылар Кира Александровна Пупыкинаға фармацевтикалық білім мен ғылым саласына қосқан ерең еңбегі, жемісті жұмысы, ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін алғыстарын білдіреді. Сізге зор денсаулық пен амандық тілейміз!
Фармакогнозия кафедрасының ұжымы фармация саласындағы құзыретті мамандарды даярлау шеңберінде ұсынылған мүмкіндік пен жемісті бірлескен қызметі үшін академия басшылығына зор алғысын білдіреді.