Академияда журнал клубының алғашқы жиналысы өтті
Жас ғалымдар кеңесінің бүгінгі отырысында журнал клубының алғашқы жиналысы өтті. Журнал клубы, ғылыми мақалаларды, жаңа клиникалық ұсыныстарды және қызықты клиникалық жағдайларды талқылау мақсатында оқытудың бейресми әдісін ұсынады. Бүгін клубтың бірінші жиналысында жас ғалымдар 2-шi оку жылынын докторанты-Сейіл Біржанның диссертациялық зерттеуін талқылады. Журнал клубының мүшелері зерттеу материалын рәсімдеуге және ұсынуға қатысты көптеген пайдалы кеңестер берді. Академияның Журнал клубы шеңберінде диссертациялық зерттеулерге арналған презентацияларды дайындау және талқылау, ғылыми мақалаларды жазу, ресімдеу, редакциялау мәселелерін талқылау, рецензенттердің ескертулерін талдау, рецензияларға жауаптар дайындау, ғылым саласындағы қызықты мақалаларды талдау жоспарлануда.