Академияда алғаш рет PhD докторларына дипломдар табысталды!

4 маусымда үлкен мәжіліс залында Академияның Ғылыми кеңесінің отырысында тарихи оқиға болды – алғаш рет «Медицина» мамандығы бойынша PhD докторларына дипломдар табысталды. Дипломдарды Полукчи Татьяна Васильевна және Бекарысова Дана Сапарғалиқызы алды.
Татьяна Васильевна өзінің диссертациясын 2023 жылғы 23 желтоқсанда Асфендияров атындағы «ҚазҰМУ» жанындағы Диссертациялық кеңесте, ал Дана Сапарғалиқызы диссертациясын 2023 жылғы 25 желтоқсанда «ОҚМА» АҚ жанындағы Диссертациялық кеңесте сәтті қорғады. Диссертациялық жұмыстар м.ғ.к., профессор Абуова Гульжан Наркеновна және м.ғ.к., профессор Есиркепов Марлен Махмудовичтің жетекшілігімен орындалды.
Дипломдарды тапсыру рәсімін «ОҚМА» АҚ дара акционері Сейітжанов Серікжан Сейітжанұлы және «ОҚМА» АҚ ректоры Рысбеков Мырзабек Мырзашұлы жүргізді. Дипломдарға қосымша, жаңа PhD докторлар Серікжан Сейітжанұлының қолынан әрқайсысы 2 000 000 теңге көлемінде ақшалай сертификаттар алды. Марапаттау рәсіміне проректорлар, кафедра меңгерушілері және академия бөлімшелерінің басшылары қатысты.

13.06.2024, 15:56
219 қаралым