АКАДЕМИЧЕСКАЯ МОБИЛЬНОСТЬ НА БАЗЕ ВУЗОВ ЗАРУБЕЖНЫХ ПАРТНЕРОВ

Фармацевтика және токсикология кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы И. Қ. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясының базасында академиялық ұтқырлық бағдарламасын аяқтады.
Профессор С. К. Ордабаеваның бағдарламасы дәрілік заттардың сапасын стандарттау және бақылау саласында дәрістер мен вебинарлар өткізуден тұрды. Дәрістерде ароматты, алициклді, стероидты, гетероциклді қосылыстар туындыларының дәрілік заттарын фармацевтикалық талдау әдістері қарастырылды.

С.Қ. Ордабаеваның бағдарламасы дәрілік заттардың сапасын бақылау саласындағы дәрістер мен вебинарлар өткізуден тұрды. Вебинарда ароматты, алициклды, стероидты, гетероциклды қосылыстар туындыларының дәрілік препараттарына фармацевтикалық талдау жүргізу әдістері талқыланып кетті.
Лектор табиғи шикізаттан биологиялық белсенді қосылыстар алу, дәрілік препараттар синтезі жолдарын жан-жақты баяндап, синтез жолының нәтижелер бойынша анықталатын дәрілік заттар тазалығының мәселелерін атап өтті. Дәрілік заттардың физика-химиялық қасиеттері, физикалық константалары, спектралды сипаттамалары мен олардың идентификациялау әдістеріне тоқталып кетті. Аудиторияны сандық мөлшерін анықтаудың тек қана фармакопеялық әдістері ғана емес, сонымен қатар альтернативті жолдары қызықтырды. Еуразиялық экономикалық қауымдастық елдері Фармакопеясы мен фармацевтикалық өндіріске енгізілген халықаралық стандарттары талаптары да қозғалып кетті.
Кафедра доценті А.Д. Серікбаева аудиторияны биологиялық материалдан экстракция және сорбция әдісі арқылы оқшауланатын заттар тобының химия-токсикологиялық талдауымен таныстырды. Білім алушылар дәрілік улардың жалпы және жеке әдістері, оларды идентификациялаудың алдын-ала және дәлелдейтін әдістері бойынша дәрістер тыңдады. Сонымен қатар, талдауға түсетін ілеспе құжаттар, зерттеу объекттері, заманауи сынаманы дайындаудың алдын-ала әдістері, химия-токсикологиялық талдау нәтижелерін интерпретациялауы талқыланды. Аудитория объектінің табиғаты мен алдын-ала зерттеулердің нәтижелерін ескере отырып, дәрілік у, пестицидтерді әртүрлі зерттеу объектілерінен оқшаулау әдістері бойынша, сондай-ақ олардың оңтайлы алдын-ала және дәлелдейтін әдістері бойынша дәрістер тыңдады. Сонымен қатар, келіп түскен ілеспе құжаттардың түрлері, зерттеу объектілері, сынама дайындаудың заманауи әдістері, химия-токсикологиялық талдаудың алынған нәтижелерін интерпретациялау талқыланды.

Онлайн-дәрістер мен вебинарларда фармация факультетінің 3-4 курс студенттері, ординаторлар, аспиранттар, фармакогнозия және дәрілік заттар химиясы кафедрасының меңгерушісі Мураталиева А.Ж. бастаған оқытушылар қатысып, ҚММА басшылығы атынан ОҚМА оқытушыларының қызықты тақырыптағы жарқын, ақпараттылығы мол презентациялары мен педагогикалық шеберлігі үшін алғысын білдірді.

26.06.2023, 16:08
505 қаралым