АИТВ/ЖИТС инфекцияның алдын алу

Жалпы білім беретін пәндер кафедрасы, 2024 жылдың 10 мамыр күні «Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының» маманы Жургенбаева Назира, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің маманы Палхожаева Гүлмираның қатысуымен «АИТВ/ЖИТС инфекцияның алдын алу» тақырыбында колледж білім алушыларымен TedX форматында кездесу өткізді. Мақсаты: АИТВ/ЖИТС сөзінің мәнін, мағынасын түсіндіре отырып, ғасыр дертінен бойларын алшақтату; қатерлі дерттің алдын-алу, оның жұғу жолдарын, одан сақтана, қорғана білуі туралы түсіндіру. Жасөспірімдердің теріс жолға түспей, ғасыр дертіне шалдықпауын санасына жеткізу. Мамандар білім алушыларға ЖИТС-ның қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіріп, зиянды әдеттен барынша аулақ болуға шақырды. Кездесу барысында білім алушылар презентация, видеороликтер көріп, өздерінің сұрақтарына жауап алды.

13.05.2024, 18:33
322 қаралым