«АИТВ/ЖИТС–тің алдын алу және жастарды спортқа баулу»
2023 жылдың 26 қыркүйек күні ОҚМА үлкен мәжіліс залында Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен «АИТВ/ЖИТС–тің алдын алу және жастарды спортқа баулу» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге Шымкент қаласы Психикалық денсаулық сақтау орталығының психиатор-наркологы Одаман Меруерт Сәлімбекқызы, Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндігі аға жедел уәкілі, полиция майоры Қарбеков Бауыржан Қанатұлы, Шымкент қаласы №3 спорт шеберлігі мектебінің спортшысы, пенчак силат бойынша Қазақстан чемпионы Подольянов Никита, Шымкент қаласы №3 спорт шеберлігі мектебінің пенчак силак бойынша жаттықтырушысы Садыков Бахтияр және жастар саясаты бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Кездесуге келген мамандар халық арасында АИТВ/ЖИТС пен нашақорлықтың, маскүнемдіктің алдын алу жолдары мен маңызды белгілері туралы егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Студенттер көкейіндегі сауалдарға жауап алып, жаңа мәліметтермен танысты.
Іс шараны қорытындылаған пенчак силат бойынша Қазақстан чемпионы Подольянов Никита студенттерді зиянды әдеттерден аулақ болып, спортпен шұғылдануға шақырды.