«АИТВ/ЖИТС–тің алдын алу және жастарды спортқа баулу»

2023 жылдың 26 сәуір күні ОҚМА үлкен мәжіліс залында Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасы және Қазакстан тарихы және Әлеуметтік пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «АИТВ/ЖИТС–тің алдын алу және жастарды спортқа баулу» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге Шымкент қаласының ЖИТС орталығы тарапынан «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» мамандары Байдилдайева У.С,Абдиева.Ф, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің маманы Әлім Арайлым Ерланқызы,ШЖҚ Психикалық денсаулық орталығының нарколог дәрігері Одаман Меруерт, Шымкент қаласы №3 спорт шеберлігі мектебінің спортшысы,Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Қазақстанның 4 дүркін чемпионы, Әлем чемпионатының 2 дүркін күміс жүлдегері Абуразакова Арайлым Альмухаммедовна,Шымкент қаласы №3 спорт шеберлігі мектебінің спортшысы, Қазақстанның екі дүркін чемпионы. Әлем кубогының күміс жүлдегері Алжанов Бексултан Бегжанович және ОҚМА оқытушылары мен жастар саясаты бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Аталған шараны Әлеуметтік медициналық сақтандыру және қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының доценті м.а. Толтаев Б.С бастап, іс-шара мақсатын атап өтті.Кездесуге келген мамандар халық арасында АИТВ/ЖИТС пен нашақорлықтың, маскүнемдіктің алдын алу жолдары мен маңызды белгілері туралы егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Студенттер көкейіндегі сауалдарға жауап алып, жаңа мәліметтермен танысты. ЖИТС анықтау мақсатында ерікті студенттерден жедел тест алынды.
Іс шараны қорытындылаған Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Қазақстанның 4 дүркін чемпионы, Әлем чемпионатының 2 дүркін күміс жүлдегері Абуразакова Арайлым Альмухаммедовна студенттерді зиянды әдеттерден аулақ болып, спортпен шұғылдануға шақырды.

27.04.2023, 18:21
512 қаралым