«Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы» атты семинар

15.04.2022 жылы қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Ғылым қызметкерлері күніне және Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай «Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы» атты семинар өткізілді.

Семинарға Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының Орта және жоғары мектеп жасындағы балаларға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі М.С.Джайлыбаева кітап көрмесімен келіп, шолу жасады. Сонымен қатар ОҚМА ғылыми жұмыстар, докторантура және магистратура секторының меңгерушісі Г.З.Муталипова қатысты. Қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының доцент м.а. А.Н. Қасымбекова, ф.ғ.к., доцент Г.К.Темірбекова мен кафедраның аға оқытушылары А.Т.Абдуллабекова, А.С.Жакипова, шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы А.Б.Баймаханова тыңдаушылармен Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының ғылымның тіл білімі саласына қосқан орасан зор үлесі туралы баяндамаларында жасады.
Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысының бағыттары бойынша білім алушы студенттер А.А.Валиева, К.А.Иргаш, Ш.А.Фархадов, С.Ж.Әбдіжаппар ғалымның қазақ терминологиясына сіңірген ерен еңбектері туралы перезентацияларын ұсынды.
Семинарға белсене қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

18.04.2022, 11:33
406 қаралым