Афина, Греция, Батыс Аттика университетіне сапар.
2022 жылғы 16-20 мамыр аралығында Эразмус+ LMQS жобасының Қазақстандық серіктес жоғары оқу орындарының әкімшілік-басқару аппараты өкілдерінің Батыс Аттика университетіне (Афина, Греция) танысу сапары өтті.
Сапар бағдарламасында университеттік оқу бағдарламаларын жаңарту (Болон ұсынымдары мен Tuning анықтамалық жүйесін ескере отырып), курстарды аккредиттеу, еуропалық университеттердің Болон процесінің ұсынымдары мен тюнингті сапаны бақылау тұрғысынан қалай іске асыратынын талдау жөніндегі мәселелерді қамтитын оқу семинары жоспарланған болатын.
Еуропалық университеттердегі ресурстық орталықтардың, озық тәжірибе орталықтарының жұмысымен, атап айтқанда, бұл жүйелер студенттерге, оқытушыларға, ересектерге үздіксіз білім беруде қандай қызметтер ұсынады және бұл жүйелер кәсіби мамандарды қалай жұмылдыратындығы туралы танысу жұмысы жүргізілді.
«Қоғамдық денсаулық сақтау», «Іскерлік әкімшілік» кафедрасының, «Денсаулық сақтау қызметтерін басқару және саясатты бағалау» кафедрасының, «Медициналық зертханалар департаментінің патофизиология және нозология» кафедрасының профессорларымен кездесулер ұйымдастырылды.