«Әділетті Қазақстан- Адал азамат»
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Қазақстан халықына Жолдауында еліміздің дамуы жаңа кезеңге қадам басқанын, бұл ретте жүргізілген Конституциялық реформаның Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болғанын атап өтті.
Ұлы Абай «Адал еңбекпен мал іздемек – арлы адамның ісі» деген. Ал, арлы адам әділетсіздік жасамайды. Әр салада адалдық басты орында тұрса, әділ қоғам орнайды. Жемқорлыққа жол берілмейді, ел мүддесіне сай шешім қабылданады. Бір сөзбен айтсақ, қоғамдағы ізгіліктің бәрі адалдықтан бастау алады. Ендеше, Әділетті Қазақстан және Адал азамат ұғымдары ел тірегі болатын егіз құндылық ретінде әрдайым қатар тұруға тиіс. Әділетті Қазақстанды құру үшін әрбір отандасымыз Адал азамат болуға ұмтылуы қажет. Сонымен бірге, жас ұрпақты Адал азамат етіп тәрбиелеуіміз керек. Соның негізінде «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының оқытушылары білім алушыларға өз сабақтарында «Әділетті қоғам-Адал азамат» атты тақырыбында дәрістер оқыды.
Мақсаты: Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына жолдауын кеңінен насихаттау. Әділетті Қазақстанды құру үшін адалдықты әр азамат өзінен бастауы қажет екендігін, тәуелсіздіктің баянды болуы үшін ұлттық бірегейлік пен бірліктің маңыздылығын қоғамға түсіндіру. Тәуелсіздік жылдары өз мамандығының хас шебері атанып, еліміздің дамуына үлес қосып жүрген адал азаматтарды қоғамда кеңінен насихаттау, жастарға үлгі ету.
Президент еліміздің экономикалық дамуымен қатар, білім саласындағы сапаны көтеруге ерекше тоқталды. Әділетті Қазақстанның Адал азаматтарына жаңа міндеттер жүктеп, нақты тапсырмалар берді. Болашақ маман иелерін дайындап отырған оқу ордасы ретінде Мемлекет басшысының берген тапсырмаларының орындалуына біз де өз үлесімізді қосуымыз керек.