Адами капитал - жаңа Қазақстанның дамуының негізгі ресурсы
Бүгін, 2022 жыл 24 тамызда ғылым және жоғары білім Форумы – 2022 өз жұмысын бастады.
Форум аясында «Қазақстанның ғылымы және жоғары білімі: қайта құру нүктелері» форсайт-сессиясы өтуде, онда Министр Саясат Нұрбек форсайт-зерттеулердің мақсаттары мен міндеттері туралы айтып берді. Жаңа форматтағы кездесу нәтижесі идеялар мен ұсыныстар қабылданау және іске асыру болады.
Екі күндік ғылыми форумға құрамында ЖОО ректоры, профессор М.М. Рысбеков, проректорлар - М.М. Есіркепов, М.Ұ. Анартаева бар Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының өкілдері қатысады, ондағы сессияларда Орталық Азия білім беру хабын қалыптастыру мәселелері талқыланады.
Күннің екінші жартысында жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының басшылары Astana IT University, Назарбаев Университетінің алаңдарында өткен «Оқытудың кредиттік технологиясының жаңа жағдайындағы бағалау жүйесі», «Ғылыми-метрикалық деректер негізінде стратегиялық шешімдер қабылдау» семинарларына қатысады.
Ертең, 2022 жылғы 25 тамызда, күннің екінші жартысында «Адами капитал - Жаңа Қазақстанның дамуының негізгі ресурсы» ғылым және жоғары білім форумының пленарлық отырысы өтеді.