Абу Али ибн Сино атындағы Бухара медициналық институтына академиялық ұтқырлық

2018 жылдың 19-23 қараша аралығында неврология, психиатрия және психология кафедрасының профессоры м.а. Г.У.Туксанбаева Абу Али ибн Сино атындағы Бұхара медициналық институтының ректоры А.Ш.Иноятованың шақыртуымен аталған институтқа сыртқы академиялық ұтқырлық шеңберінде барып келді. 

Профессор м.а.Г.У.Туксанбаева Бухараға келген бірінші күні ЖОО-ның басшылығымен кездесті, БұхМИ-нің м.ғ.к., доцент Ходжаева Дилбар Таджиева басшылығындағы неврология және психитария кафедрасымен және олардың жұмыстарымен танысты. 

1276 1

БұхМИ неврология және психиатрия кафедрасы кеңес беру, емдеу-диагностикалық жұмыстарын өз базалары Облыстық клиникалық ауруханасында белсенді түрде жүргізеді. 

Кафедра 5-ші курс бакалавриат студенттеріне, клиникалық ординаторларға, магистранттарға сабақ жүргізеді. 

1276 2

Кафедра профессоры м.а. Туксанбаева Г.У. БұхМИ неврология және психиатрия кафедрасының оқытушылар құрамымен өткен кездесуде ҚР-дағы медициналық білім беру, ОҚМА-дағы резидентура білім беру бағдарламалары туралы және таяу және алыс шет ел мемлекеттері ЖОО-мен бірлескен белсенді ынтымақтастық жайлы айтып берді. 

Неврология, психиатрия және психология кафедрасының профессоры м.а. Г.У. Туксанбаева неврология бойынша жоспарланған дәріс жоспарына сәйкес, аталған ЖОО-ның 5 курс бакалавриат студенттеріне, клиникалық ординаторларға және магистранттарға дәріс оқыды. Науқастарға бірге кеңестер беру жүргізілді. 

1276 3

1276 4

1276 5

1276 6

Бұхара қаласына жасалған сапар соңында кафедра профессоры м.а. Туксанбаева Гульфариза Усеновнаға оқыған дәрістері үшін алғыс айтты және ЖОО-ның ПОҚ және білім алушылар академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде бұдан былай да өзара белсенді ынтымақтастыққа сенім артты. 

07.12.2018, 06:13
361 қаралым