«Абайтану» оқытушылары мен білім алушылары арасындағы республикалық қашықтықтан олимпиада
Абайдың ақындық тұлғасын, жан дүниесін, арман-мұратын поэзиясы арқылы танимыз. Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайдың сөзі-қазақтың бойтұмары. Асқақ шабыттың қуатымен жүрегін жарып шыққан өлеңдерін, сөздерін білім алушылардың бойына сініру ұстаздың басты мақсаты екенін сезінген ОҚМА АҚ жанындағы медицина колледжінің Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының ұстаздары 2023 -2024 оқу жылының қыркүйек айында «Мұрагер» ғылыми –әдістемелік журналы ұйымдастырған оқытушылар мен білім алушылар арасындағы республикалық қашықтан өткізілген «Абайтану» олимпиадасында қатысып, төмендегі номинациялар бойынша орындарға ие болды.
«Үздік мақала» номинациясы бойынша ІІІ орын диплом - Серік Шұға Ерланқызы.
С-МІҚ-9.01-23 тобының білім алушысы Жанабаева Зарина Ержанқызы
«Ұлылар әлемі» номинациясы бойынша І орын.
С-ЕІҚ-9.01-22 тобының білім алушысы Избаева Аружан Базаралықызы - «Ұлылар әлемі» номинациясы бойынша II орын диплом,
С-ЕІҚ-9.01-22 тобының білім алушысы Ибрагимали Айханым Абзалқызы - «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша Бас жүлде диплом,
С-ЕІҚ-9.01-22 тобының білім алушысы Жорабек Ақниет Ғалымжанқызы - «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша I орын диплом,
С-ЕІҚ-9.01-22 тобының білім алушысы Жорабек Ақниет Ғалымжанқызы - «Ұлылар әлемі» номинациясы бойынша Бас жүлде диплом.
СТДҚ-9.01-22 тобының білім алушысы Бүркітбай Азим Оралханұлы - «Ұлылар әлемі» номинациясы бойынша I орын диплом.
ОСҚ-9.01-22 тобының білім алушысы Тәжімұқан Жақсылық Шоқанұлы - «Ұлылар әлемі» номинациясы бойынша Бас жүлде диплом.
ОСҚ-9.01-22 тобының білім алушысы Молдахан Мұсабек Русланұлы - «Ұлылар әлемі» номинациясы бойынша І орын диплом.