Ақ жол, ОҚМФА түлектері!

798 1 1 

2016 жылының шілде айының 7 жұлдызында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясында «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» және «Фармация» мамандықтары бойынша бітіруші түлектері диплом алды.

798 2 2

Биыл алғашқы рет «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша 28 түлек шығарылды. Оның үш студенті үздік («қызыл») дипломға ие болды. «Фармация» мамандығы бойынша үздік дипломға 14 түлек ие болды. Диплом табыстау салтанатты түрде өткізілді.

798 3 3

Түлектер ант берді, анттың мәтінін 401 топтың түлегі Күзенбек Ықылас оқыды. Құттықтау сөздерді фармация факультетінің деканы Н.Жұмабаев, «Фармацевтік және токсикологиялық химия» кафедрасының меңгерушісі С.Ордабаева,    «Фармацевттік өндіріс технологиясы» кафедрасының меңгерушісі Б.Торланова айтты. Алғыс сөздермен «Фармация» мамандығы түлегі Өтегенов Айдар және «Фармацевттік өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша Қилыбаев Ерланның анасы Бахыткүл Қуанышбайқызы сахнаға шықты. Салтанатты іс-шарада академия студенттері күшімен концерт ұйымдастырылды. 

08.07.2016, 06:34
355 қаралым