Ақ халатты –мейірімді медбикелер

2018 жылдың 12 мамыр күні техникалық және кәсіби білім беру факультеті мен жедел медициналық көмек және мейіргер ісі кафедрасының ұйымдастыруымен  «12 мамыр – Халықаралық медбикелер күніне» орай «Ақ халатты - мейірімді медбикелер» атты меркелік іс–шара өткізілді.

1150 1

Іс-шараны «ОҚМФ»АҚ-ның оқу әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі проректоры М.Анартаева құттықтау сөзімен ашып, арнайы шақырылған қонақ №1 Жарақат бөлімінің бас мейіргері Бейсенова Қияш Мырзабайқызы студенттерге ыстық лебізін білдіріп, болашақ мейіргерлерге өзінің кеңесін берді.

Мерекелік іс-шара  «Медбикелік іс» мамандығының  студенттері мен белсенді студенттердің қатысуымен баяндама жасалып, мейірбике ісі негізін қалаушысы Флоренс Найтингейлдің  АНТы қабылданып, «Мамандығым мақтанышым» тақырыбында өлең шумақтары оқылып,  М.Мақатаевтың «Жоқ, дәрігер» өлеңіне сахналық көрініс қойылып, ән шырқалып, мың бұралған бишілердің биімен концерттік бағдарламаға  ұласты.

1150 2

Іс-шара  мейіргер ісінің дамуына және медбикелердің беделін арттыру жолында аянбай еңбек етіп, өз үлесін қосып жүрген  «Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі»  кафедрасының меңгерушісі Сейдахметова Айзат Әшімханқызының сөзімен аяқталды.

15.05.2018, 09:12
286 қаралым