9-мамыр Ұлы Отан соғысы Жеңісіне 76 жыл толуына орай “Ұлы Отан соғысындағы медицина қызметкерлерінің ерліктері” атты онлайн дөңгелек үстел

9-мамыр Ұлы Отан соғысы Жеңісіне 76 жыл толуына орай 05.05.2021 ж. Түркістан облысы мемлекеттік архиві мен Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының бірлесіп ұйымдастыруымен “Ұлы Отан соғысындағы медицина қызметкерлерінің ерліктері” атты онлайн дөңгелек үстел болып өтті.

Іс-шараның мақсаты қазіргі жастардың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы дәрігерлердің асқан ерліктерін, қажымас еңбектерін ұмытпай, олардан үлгі алып, еліне деген сүйіспеншілігін, махаббатын, патриоттық сезімін ояту.

Дөңгелек үстелді «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Еркінбекова Ә.С. және "Түркістан облысы мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Тасыбекова К.Қ. жүргізді.

Дөңгелек үстелді «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Нуржанбаева Ж.О. және ОҚМА Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы Сәлім Е.Қ. құттықтау сөздерімен бастады.

Іс-шара барысында архив қызметкерлері Хазретәліқызы Р. "Жаралыға дем берген дәрігер қыздар" және Нұржанова А.Қ. "Еңбегі елге үлгі, ұрпаққа өнеге" тақырыбында баяндамалар оқыса, ОҚМА аға оқытушысы Беккулова А.А. «Қазақстандық дәрігерлердің ҰОС жылдарындағы ерліктері», Фот 02-20 тобының студенті НурсалибидинЖулдыз «Бүгінгі күннің батыр дәрігерлері» тақырыбында баяндамалар жасап, ЖМ-05-19 тобы студенттері Үсен Ұлдана, Мөлдір Фазыл «Жеңіс», «Дәрігерлерге арнау» атты ақ халатты абзал жандарға деген өлең-жырларын арнады.

1700 1

1700 2

1700 3

1700 4

1700 5

06.05.2021, 09:46
417 қаралым