8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні!

2021 жылдың 5 наурызында академияның үлкен мәжіліс залында «8 наурыз -Халықаралық әйелдер күніне» арналған ОҚМА Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен салтанатты іс-шарасы өтті.

1652 1

Оқу орнымыздың ректоры, профессор М.Рысбеков кіріспе сөз сөйлеп, әйел-аналар адамзатқа білім, ғылым, мәдениет, саясат, әлеуметтік саладағы жетекші мамандарды сыйлағанын атап өтті. Академия ұжымында да еңбек ететін тамаша әйелдер бар, олар кафедраларды, бөлімшелерді басқарып және академияның дамуы мен гүлденуіне үлес қосып келетіндігіне тоқталды. М.Рысбеков сондай-ақ нәзік жандыларға алдағы уақытта да жоғарғы нәтижелерге қол жеткізіп, алға қойған мақсаттарына жетуге тілектестік білдірді.

1652 2

Іс-шараның ерекшелігі академия ержігіттерінің оқу орнымыздағы барлық әйелдерін көктем мерекесімен құттықтаған бейнеролигі болды.

Дәстүр бойынша студент жастар әлем халықтарының әндері мен билерін орындай отырып, музыкалық құттықтаулар сыйлайды. Іс-шара соңы академия әкімшілігі жайған фуршетке жалғасты.

1652 3

1652 4

Дәл осы күні сағат 14.00-де студенттің ата-аналарына оқудағы үздік жетістіктері және қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттар табыс етілді. Алғыс хаттардың мәтінінде өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге, сондай-ақ сапалы білім алуға және топтың, курстың, ұжымның қоғамдық өміріне қатысуға қосқан үлесі баға жетпес еңбек екендігі айтылған.

1652 5

Басты кейіпкер ана мен ұл болған «Соқыр-ана» қойылымы қатысушылардың есінде ерекше қалды. Одан әрі көңілді тапқырлар командасы өнер көрсетті, іс-шара мәдени бағдарламаға жалғасты.

1652 6

Мереке мұнымен аяқталған жоқ, әр факультеттен үлгерімі жақсы және өз міндеттерін мүлтіксіз орындағаны үшін 10 топ басшы марапатқа ие болды. Студенттік кәсіподақ атынан каспий-голд арқылы оларға ақшалай сыйақы жіберді.

05.03.2021, 10:08
413 қаралым