75 жас мерейтойымен Оспанов Рамет Момбековичті құттықтаймыз!

Хирургиялық пәндер кафедрасының профессоры, м.ғ.к Оспанов Рамет Момбекович, 20 қазан күні 75 жасқа толып отыр. Мерейтой иесін жаңа жасымен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық, қызметте абырой тілейміз!

1564 1

Оспанов Рамет Момбекович 1945 жылы туылған. 1970 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетін бітірді. 1970-1971 жылдары интернатураны Оңтүстік Қазақстан облыстық ауруханасында балалар хирургиясы мамандығы бойынша өтті. 1971-1988 жылдары Шымкент қаласының №6 қалалық ауруханасында (1976 жылы қалалық жедел жәрдем ауруханасы болып аты өзгерді) дәрігер-хирург қызметін атқарған. Осы жылдар аралығында қалалық жедел жәрдем ауруханасының хирургия бөлімшесінің және күйік орталығының меңгеруші қызметіне тағайындалған. 1988-1993 жылдары “Фосфор” ауруханасының жоспарлы хирургия болімшесінің меңгерушісі, ал 1993-1995 жылдары Шымкент қаласының облыстық ауруханасында дәрігер-хирург қызметін атқарған. “Жалпы хирургия” мамандығы бойынша жоғарғы санатты дәрігер. 1995 жылы Шымкент мемлекеттік медицина институтының хирургия кафедрасына ауысып, осы күнге дейін доцент қызметін атқаруда.

Оспанов Рамет Момбековичке 1985 жылы «медицина ғылымының кандидаты» ғылыми дәрежесі, ал 2005 жылы медицина мамандығы бойынша «доцент» ғылыми дәрежесі берілген. 2019 жылы Академияның профессоры атағы берiлдi.

Р.М.Оспановтын 50 ғылыми еңбегі, соның ішінде 5-ҚР Білім және ғылым саласы бойынша бақылау Комитеті ұсынған басылымдарда, 3 жақын шетел басылымдарда, 8 халықаралық конференцияларда, 15-ҚР басқа ғылыми басылымдарда жарық көрген. 3 патенттің авторлық куәлігі бар. Қазақ тілінде 2 оқулық және 1 монография (2018ж.) жарық көрген.

Оспанов Рамет Момбекович еңбек сүйгіш, жауапты, студенттер мен әріптестер арасында беделді.

Құтты болсын 75 жасыңыз,

Сексеннің де сенгірінен асыңыз.

Қуат алып, денсаулықтың нәрінен,

Жүзіп өтіп жүзге аяқ басыңыз!

19.10.2020, 08:52
397 қаралым