5В074800 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша дипломдық жобаларды қорғау нәтижелері
14-21 маусым 2019 жыл аралығында «Фармация» факультетінде 5В074800 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша білім алған бакалавриат түлектерінің дипломдық жұмыстары қорғалды. Бітірушілердің дипломдық жобалары дәрілік субстанциялардың фармацевтикалық өндірісінің өзекті тақырыптары бойынша әзірленді. Ғылыми жетекшілер ретінде «Фармацевттік өндірістің технологиясы» кафедрасының жетекші оқытушылары тағайындалды.
Қорғалған 41 жобаның ішінде 6-ы ағылшын тілінде дайындалып, қорғалды. Бұл жұмыстың жалпы санының 15% - ын құрады. Өткен жылдары бұл көрсеткіш 9% - ды құраған еді.
МАК құрамы келесідей болды:
МАК төрағасы
1. Сарибаев А.С. – М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Ақпараттық технологиялар және энергетика жоғары мектебі деканының ҒЗЖ жөніндегі орынбасары, техника ғылымдарының кандидаты, доцент
МАК мүшелері
2. Төреханова Н. М. – «Зерде-Фито» ЖШС сапаны бақылау қызметінің жетекші маманы
3. Сұлтанбековва С.Т. – «Эко-Фарм Интернейшнл» ЖШС сапаны бақылау бөлімінің бастығы
4. Дауренбеков К.Н. – «Фармация» факультетінің деканы, х.ғ.к., профессор м.а.
МАК хатшысы
5. Анарбаев Е.А. – «Фармацевттік өндірістің технологиясы» кафедрасының аға оқытушысы
Дипломдық жұмыстарды тыңдауға қатысқандар:
1. Сейтжанова Ж. С. – қаржы-шаруашылық қызметі жөніндегі проректоры
2. Ахметова А. А. – академияның стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы
3. Шаймерденова Р.А. – академияның ғылыми журнал редакторы
4. Сапақбай М.М. - Фармация факультеті деканының орынбасары
Сонымен қатар «Фармацевттік өндірістің технологиясы» кафедрасының профессор – оқытушылар құрамы.
Барлық түлектер өздерінің толқынысына қарамастан, дипломдық жұмыстарын табысты қорғап, комиссия сұрақтарына дәлелді жауап берді.
Түлектерімізді дипломдық жұмыстарын сәтті қорғауымен құттықтаймыз және болашақ кәсіби қызметінде үлкен табыстар тілейміз!
«Фармацевттік өндірістің технологиясы» кафедрасының ұжымы