31 МАМЫР - САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖӘНЕ АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІ

1407 1

2019 жылдың 31 мамыр күні Фармакогнозия кафедрасының ұйымдастыруымен «31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне» орай іс-шара өткізілді. Атаулы күн Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жылдан бері атап өтілуде. «Халық жауларын» анықтау бойынша қатаң саясаттың салдарынан қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да зардап шекті. Олардың арасында қазақ зиялылары: ғалымдар, мәдениет және саясат саласының қайраткерлері болды.

1407 2

Аталған шараның мақсатымен, өзектілігімен фармакогнозия кафедрасының аға тәлімгері З.Е.Ибрагимова таныстырып өткен соң, В-ФӨТҚБ-01-16 тобының студенті Қ.Тұрдалы қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ зиялыларын еске алу бойынша баяндама жасады. Тақырыпқа байланысты бейнебаян көрсетілді.

1407 3

Қорытынды сөзді Жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі Н.Р.Ахметов, фармакогнозия кафедрасының профессор м.а., фарм.ғ.к. Ж.С.Тоқсанбаева, химиялық пәндер кафедрасының аға оқытушысы А.Е.Бухарбаева айтып, бұл күннің ерекшелігіне тоқталып өтті.

1407 4

03.06.2019, 11:25
395 қаралым