31 мамыр - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

31 Мамыр 2024 жылы Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасының оқытушылары мен білім алушылар қаламыздағы саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайына барды. Мақсаты: саяси қуғын-сүргін құрбандарының тарихымен танысу, мұражайдың экспозицияларын көру және білім беру процесінде пайдалану үшін қажетті ақпарат жинау. Мұражай қызметкерлері мұражайдағы әртүрлі экспозициялар бойынша экскурсия жүргізді. Экскурсия барысында саяси қуғын-сүргін кезеңінің негізгі оқиғалары, қуғын-сүргін құрбандарының өмірі мен тағдыры, қуғын-сүргінге ұшыраған белгілі қайраткерлердің өмірбаяны туралы тақырыптар қамтылды. Бұл іс-шара ОҚМА оқытушылары мен білім алушыларына саяси қуғын-сүргін кезеңі туралы тереңірек түсінік алуға, оқу үдерісіне қажетті жаңа мәліметтер жинауға мүмкіндік берді.

05.06.2024, 13:17
472 қаралым