25 қазан - Республика күні
Қазақ халқының басынан өткен сан қилы қиын оқиғалардан соң осыдан 33 жыл бұрын 1990 жылы 25 қазанда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдады. Казақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация - еліміз Конституциясының негізіне айналған республиканың тұңғыш заң актісі болды.
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев мерекенің тарихи маңызын алға тартып, қайта жаңғырту керек екенін мәлімдеген соң, 2022 жыл 29 қыркүйекте ұлттық мереке ретінде қайта бекіту туралы заңға қол қойды. Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында: - Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізу Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды. Сондықтан, қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтілетін болады.
Азат ел үшін маңызды қадам жасалған 25 қазан ел есінде Республика күні болып қайтадан жаңғырады. Мемлекет үшін маңызды қадам жасалған күн тарих қойнауында қалып қоймай, барша қазақстандықтар үшін құрмет тұтатын мемлекеттік тұрғыда маңызы бар мерекеге айналды.
25 қазан-Республика күніне орай «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» және «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен 1-2 курс студенттерінің қатысуымен мерекелік іс-шара аталып өтті.
Мерекелік іс шараның мақсаты: білім алушылардың бойына туған елге, Отанға деген құрмет пен отаншылдық құндылығын дарыту; Республика күнінің маңыздылығын түсіндіру; Отаншылдық құндылыққа баулу болып табылады.
Аталмыш іс-шараны студенттер Қазақстан Республикасының мемлелекеттік Әнұраны мен бастады. Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасының меңгерушісі Ж.О.Нуржанбаева және «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Ш.А.Аширов құттықтау сөз сөйлеп, кафедра доценті С.М.Сахов ұлттық мерекенің құндылығы мен тарихи маңызына тоқталды.
Мерекелік іс шарада өнерлі студенттер патриоттық ән, би, күйлерін орындады.
Іс-шара соңында кафедра оқытушылары өз сабақтарында Республика күнінің ұлттық мәртебесін талқылап, айтулы күннің демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде ел дамуында маңызды тарихи рөл алғанын атап көрсетті. Бүгінгі қазақ жастарының бойында ұлтжандылықты арттыру үшін тарихқа деген сүйіспеншіліктерін күшейту маңызды. Сол сияқты Республика күнін санамызды жаңғыртумен қатар, ұлтқа деген құрметімізді, білімге, ғылымға деген ынтамызды арттыруға тиіс екендігіміз міндет.