22 қыркүйек – Қазақстан халықтары тілдерінің күні

820 1 1

1998 жылдың 20 қаңтарында Республика Президентінің жарлығымен 22 қыркүйек – жыл сайын тойланатын Қазақстан халықтары тілдерінің күні болып белгіленді.

Бұл барша қазақстандықтардың ортақ мерекесі және оның негізінде мынадай идея жатыр: әрбір тіл – бұл бүкіл адамзаттың рухани мұрасының бөлігі, ал әрбір мәдениет – әлемдік өркениетке қосқан баға жетпес үлесі.

Қазақстан халықтарының тілдері күнін тойлау шеңберінде қазақ, орыс және латын тілдері мен шет тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен 13–22 қыркүйек аралығында «Мәңгілік елдің – тілі де мәңгілік» тақырыбында онкүндік өткізілді.

Онкүндік шеңберінде академия және ТжКББФ оқушыларының арасында мынадай іс-шаралар өткізілді: тақырыптық қабырға газеттерінің көрмесі, «Үш тіл – үш тұғыр» тақырыбы бойынша өлеңді мәнерлеп оқу, «Туған тілім – айбыным» тақырыбында шығарма жазу сайыстары және «Мемлекеттік тіл – менің тілім» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Аталған іс-шараларға 50-ден астам студенттер белсене қатысты.

820 2 2

Онкүндік қорытындылары бойынша «Үш тіл – үш тұғыр» тақырыбында өлеңді мәнерлеп оқу сайысында үздік деп танылған студенттер: Иембердиев Кайрат – «Дәрігерлік емдеу ісі» мамандығының 1 курс студенті, Төлеп Сара – «Мейірбике ісі» мамандығының 1 курс оқушысы, Вахаб Аяжан – «Емдеу ісі» мамандығының 1 курс оқушысы, Жақсыбекұлы Орынбасар – «Емдеу ісі» мамандығының 1 курс оқушысы, Түзелбай Ерасыл – «Стоматолог-дантист» мамандығының 1 курс оқушысы, Әмзе Жанна – «Емдеу ісі» мамандығының 1 курс оқушысы. Әрбір қатысушы өзінің сүйікті  ақындарының шығарамаларын  талапқа сай  орындап шықты.

«Туған тілім – айбыным» тақырыбы аясында үздік шығарма жазу сайысы бойынша  жеңімпаз атанған студенттер: Батырова Шынар – «Жалпы медицина» мамандығының 1 курс студенті, Орынбасар Нұралы – «Мейірбике ісі» мамандығының 1 курс оқушысы, Ділдахан Айдана – «Емдеу ісі» мамандығының 2 курс оқушысы, Қуанышбай Қалаулы – «Емдеу ісі» мамандығының 1 курс оқушысы.

820 3 1

Апталықтың алғашқы күнінен бастап қабырға газеттері ілінді. 30-дан астам тақырыптық қабырға газеттер арасында ресімдеу және тақырыпқа сәйкестік жағынан бас жүлдені иеленгендер: «Фармация» мамандығы бойынша 204 тобының студенттері,  «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 109 тобының студенттері, «Фармация өндірісінің технологиясы» мамандығы бойынша 103 тобының студенттері, «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша 201-9 тобының студенттері. 

«Мемлекеттік тіл – менің тілім» дөңгелек үстелде тілдің қазіргі таңдағы хал-ахуалы сөз болды. Тақырып өте қызу талқыға түсті. Дөңгелек үстелге Түрік этно-мәдени орталығының өкілі Пазаева Мальвина  Мамедовна, академия студенттерінен құрылған «Бірлесу» этно-мәдени студенттер  бірлестігі, студенттер қатысты.

820 4 1

Үлкен акт залында апталық қорытындысы анықталып, жеңімпаздар марапаттталды.  Қазақ, орыс және латын тілдері мен шет тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен  мерекелік  концерт  болды.

Өткізілген апталық әрбір халық – бұл қайталанбас дәстүр, мәдениет, тарих және тіл екендігін растады. Және оны сақтап, болашақ ұрпақтарға жеткізу – бүгінгі куннің басты мақсаты.

25.09.2016, 23:01
532 қаралым