2022 жылы «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ докторантурасына түсетін үміткерлердің назарына!

«ОҚМА» АҚ-да 01.02.2022 ж. - 31.05.2022 ж. аралығында докторантураның келесі білім беру бағдарламалары бойынша оқуға алдын ала іріктеу үшін құжаттар қабылданады:
8D10141 «Медицина»
8D10140 «Фармация»
8D10139 «Қоғамдық денсаулық сақтау»
Докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша білім алу үшін алдын ала іріктеу тәртібін денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары және ЖЖОКБҰ дербес айқындайды.
Докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін өткізілген алдын ала іріктеудің нәтижелері түсу емтиханын тапсыруға рұқсат беру немесе рұқсат бермеу болып табылады.

 

Сұратылған құжаттардың тізбесі:
1) «ОҚМА» АҚ басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) резидентураны немесе магистратураны аяқтағаны туралы құжат (резидентурада немесе магистратурада оқуды аяқтағандар үшін) немесе резидентурада немесе магистратурада оқығаны туралы анықтама (резидентурада немесе магистратурада оқитындар үшін);
4) жұмыс орны бойынша кадр қызметі растаған еңбек қызметін растайтын құжат (магистратураны аяқтаған адамдар үшін кемінде 9 ай жұмыс өтілі);
5) еркін нысандағы уәждемелік хат (А4 форматтағы қағазда, көлемі 2 парақтан артық емес, қаріп өлшемі 14, Times New Roman тақырыбының қарпі);
6) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (болған жағдайда);
7) жоспарланған ғылыми зерттеуге аннотация;
8) шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат.

04.02.2022, 12:12
502 қаралым