2019 жылы 19 сәуірде «фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша VI Республикалық студенттік олимпиаданың ашылуы өтті
Конкурстық комиссияның құрамы:
Комиссия төрағасы:
Фармация факультетінің деканы, доцент, х.ғ. к. Дәуренбеков К. Н.
Комиссия мүшелері:
Омиралиев М. А. - фарм.ғ. к., профессор.
Ордабаева С. К. - фарм.ғ. д., профессор.
Торланова Б. О.- фарм. ғ. к., доцент.
Асильбекова А.Ж. техн.ғ.к., профессор м.а.
Жұмыс беруші: Коротков В.А., Жуматаев М.Ж.
Олимпиадаға қатысу үшін 5В074800 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының 3 жоғары оқу орындарының 3-4 курс студенттерден тұратын 3 команда өтініш жасады:
1. С. Д. Асфендияров атындағы ұлттық медицина университетінің командасы, Алматы қ.;
3. Е. А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің командасы, Қарағанды қ.;
3. Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының командасы, Шымкент қ.
Олимпиада болашақ мамандардың кәсіби қабілетін дамыту және талантты студент жастарды қолдау мақсатында, сондай-ақ халықаралық олимпиадаларға қатысуға команда құру мақсатында Республикалық студенттік олимпиада аясында өткізілуде.
Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері:
- студенттердің оқу-танымдық және оқу-зерттеу жұмыстарын ынталандыру;
- студенттердің кәсіби-тұлғалық әлеуетін, олардың өзіндік санасын, шығармашылық қабілеттерін ашу, өзін-өзі көрсету және өзін-өзі бекіту үшін жағдай жасау;
- студенттердің азаматтық позициясын тәрбиелеу;
- ең талантты және дарынды студенттерді іріктеу және қолдау;
- білім беру жүйесін жетілдіруге белсенді кәсіби қарым-қатынасты қалыптастыру;
- осы мамандық бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарының озық тәжірибесімен алмасу.
Олимпиаданы өткізу тілдері – қазақ, орыс.
Олимпиада бағдарламасына 2 кезең енгізілді:
1 кезең: тест тапсырмаларын орындау;
2 кезең: ғылыми жобаларды қорғау (үй тапсырмасын таныстыру).
Бағалау критерийлері: қатысушы жинаған балл саны.
Олимпиаданың жұмысы 19 сәуір күні сағат 9.00-де қатысушыларды тіркеуден басталды. Әр қатысушыға олимпиада логотипі бар атаулы бейдж берілді. Олимпиадаға ҚР 3 ЖОО-нан 15 студент қатысты.
Олимпиаданы фармация факультетінің деканы, доцент, х.ғ.к. Қ.Н.Дәуренбеков ашты.
Олимпиада қатысушыларына құттықтау сөзімен фармацевтикалық өндіріс технологиясы кафедрасының меңгерушісі, фарм.ғ.к. Б. О. Торланова, фарм.ғ.к. М.А. Омиралиев, В.А.Коротков, С.О.Кенжетаева, А.А.Тургумбаева шықты.
Одан әрі сөз олимпиада қатысушыларына берілді, олар өз командаларының атауы мен ұранын ұсынды.
Олимпиаданың ашылу салтанатынан кейін олимпиада қатысушылары екі кезеңнің тапсырмаларын орындауға кірісті.
І-ші күні қатысушы студенттер бірінші кезеңде 4 пәннен тест тапсырмаларын орындап, (5-нұсқа бойынша) жобаларын қорғады. Аудиториядағы қатысушылар үлкен қызығушылықпен тындап, қорғаушыларға сұрақ қойды.
Олимпиада 20 сәуірде жалғастырылады.