19 қазан – Дүниежүзілік дұрыс тамақтану күні

Жоспар бойынша «Гигиена және эпидемиология» кафедрасында 2022 жылдың 17 қазанында 19 қазан – Дүниежүзілік дұрыс тамақтану күніне орай студенттер арасында сайыс өткізілді. Сайыстың мақсаты: студенттерге дұрыс тамақтанудың ағза үшін маңыздылығын және қажеттілігін түсіндіру, коммуникативтік дағдыларын дамыту, топпен жұмыс жасауды үйрету, өздерінің ойларын ашық жеткізе білу, дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастыру.
Сайыс ЖМҚА-04-22 және ЖМҚБ-04-22топтары арасында өтті. Сайыс 5 турдан тұрады:
1. Таныстыру. Топқа ат қойып, таныстыру керек.
2. Топ басшылар сайысы. 2 топтың топ басшысының үйде дайындаған сұрақтары бойынша бір-біріне сұрақ қояды.
3. Сен білесіңбе? Өте сирек қолданатын тағамдарды презентациялау.
4. Мақал-мәтелдер сайысы. Тағам туралы мақал-мәтелдерді жатқа айту.
5. Жемістер мен көкөністерден ассорти немесе салат. Жасалған тағамдардың құрамына талдау жасап, пайдасы мен зиянын айтып беру.
«Natural food» және «Радуга» атты топтар құрылды. Олар өздерін жақсы таныстыра білді. Әсіресе, мақал-мәтелдер сайысында өте белсенді қатысты. «Naturaal food» тобы Жарыстың 5-ші турында өздері жаңадан салат ойлап тауып, толықтай өте жоғары деңгейде түсіндіріп берді. Сайыстың нәтижесінде, «Natural food» тобы жеңіске жетіп, каф.меңгерушісі м.ғ.к., доцент м.а. Утепов П.Д. ұжымның атынан өз алғысын білдіріп, студенттерді кітаппен марапаттады.

20.10.2022, 10:12
603 қаралым