18- наурыз «Ұлттық киім» күні
2024 жылдан бастап Қазақстанда Наурыз мерекесі 14 мен 23 наурыз аралығында 10 күн бойы тойлануда. Сонымен қатар, 10 күннің әрқайсысы белгілі бір мәдени дәстүрге немесе құндылыққа арналған. Бүгін 18 наурыз-Наурыз мейрамын тойлау онкүндігінің 5-ші күні - Ұлттық киім күні. Республика бойынша ұлттық киімдерді дәріптеуге бағытталған түрлі іс-шаралар өткізіледі. Ұлттық киім - қазақ мәдениеті мен тарихының маңызды бөлігі.
Наурыз айының басында Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясында жыл сайынғы өтілетін челлендж басталды, оның аясында кафедралар мен түрлі құрылымдық бөлімдер құттықтаулар мен бейнежазбалар жазып, Қазақстан тұрғындарының ең маңызды және сүйікті Наурыз мерекесі қарсаңында ұлттық киімдерін көрсетеді. Медициналық биофизика және ақпараттық технологиялар кафедрасы да іс-шараларға белсенділік танытты.
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы челлендж идеясын барынша қолдап, дәстүрлі қазақ киіміндегі әдемі бейнелерді, ұлттық мәдениеттің маңыздылығын, сұлулығы мен бірегейлігін көрсетіп, жұмыс процесіне жарқын түс қосты.
Ата-бабаларымыздың мұрасын сақтап, оны ұрпаққа жеткізуді жалғастырайық, бұл біздің елімізді гүлдендіріп, одан да әрі таңғажайып етеді!