15 қараша – Дүниежүзілік екіншілік қайта өңдеу күні

2021 жылдың 15 қараша күні Дүниежүзілік екіншілік қайта өңдеу күніне орай «Шымкент қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтар: қазіргі ахуалы, мәселелері мен шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің басты мақсаты Шымкент қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтар жою және қайта өңдеу және оларды басқару жүйесін жетілдіру мәселелерін жан-жақты талқылау болып табылады.

Дөңгелек үстелге келген қонақтар: Шымкент қ. бойынша экология департаментінің маманы Тойшыбек М.Е.; Шымкент қ. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті коммуналды нысандарды қадағалау бөлімінің басшысы Каракулова М.С.; «Generation» ҚБ өкілі, EcoCashback жобасын негізін қалаушы Голярко В.; Экоблогер, Экобелсенді Кунанбаева А.; Ерікті «Добряки Шымкента» Буланова В.В.; Экобелсенді Садибекова Б., директор ТОО «Hayabusa» Никашкин А; «New-wave» Экоклуб мүшесі, экоактивист Дрейкинг А.А., Аль-Фараби аудандық халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің бас маманы Шынтасов Д.А.

Дөңгелек үстелдің алғысөзін «Гигиена және эпидемиология» кафедрасының меңгерушісі Утепов Пархад Дусембайұлы бастап берді. «Бұл атаулы күнді бүкіл әлем бойынша атап өтілуде. Басты мақсаты: билік пен қоғамның өндірістік орындарын осы тақырыпқа көңіл бөлуін шақыру», - екендігін каф.меңгерушісі атап өтті.

Дөңгелек үстелде тұрмыстық қалдықтарды жинау, оны сұрыптау және жою жөнінде айтылып, талқыланды. Аль-Фараби аудандық халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің бас маманы Шынтасов Д.А., аудан бойынша қалдықтарды шығару және контейнерлер алаңшаларының саны жөнінде мәліметтер берді. Сонымен қатар, Шымкент қ.бойынша экология департаментінің маманы Тойшыбек М.Е. қала бойынша жалпы экологиялық жағдайы туралы айтып берді. «Generation» ҚБ өкілі, EcoCashback жобасын негізін қалаушы Голярко Владислав, «EcoCashback» атты жаңа жобасымен таныстырды, жобаны таныстырудың мақсаты ҚР тұрғындарының қажеттіліктеріне ақшалай төлемдерді ала отырып, тұрмыстық қалдықтарды жеке-жеке кәдеге жарату схемасын енгізу болды. Кафедра меңгерушісі Пархат Дусембайұлы осындай мәселелерді ауқымды түрде шешу керектігін атап өтіп, ОҚМА студенттерін тарта отырып, флеш-моб ұйымдастыруды ұсынды.
Дөңгелек үстел соңында барлық қатысушыларды кафедра меңгерушісі Алғыс хатпен марапаттады. Бұдан әрі де бірлесе жұмыс жасап, белсенділік танытуға ниетін білдірді.
@ecology_shymkent, @eco_shym_kz, @dreiling.artur, @botakoz_sadybek, @vladizslove, @dobryaki_shymkent, @artemka_france, @alfarabi.shymkent

26.11.2021, 11:32
594 қаралым