«12-мамыр Халықаралық мейіргерлер күні»
2024 жылдың 17 мамыр күні «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ жанындағы медицина колледжінде «Мейіргер ісі-1», «Мейіргер ісі-2» кафедраларының ұйымдастыруымен «12-мамыр Халықаралық мейіргерлер күніне» арналған іс-шара өткізілді. Іс-шараға Шымкент қаласының медициналық мекемелерінен «№1 қалалық клиникалық ауруханасы», «№2 қалалық ауруханасы», «Облыстық клиникалық ауруханасы», «№3 қалалық емханасы», «Алуа-Мед» медициналық орталығы, «Шымкент жүрек орталығы» және «Ер-Ана» медициналық орталығының бас және аға мейіргерлері, медицина колледжінің оқытушылары мен білім алушылары қатысты.
Іс-шарада «Мейіргер ісі-1» кафедрасының меңгерушісі Серикова Б.Д. «Мейіргер ісі мамандарын даярлауды дамыту жүйесі» тақырыбында бейне-баяндама жасады, ол медицина колледжінде «Мейіргер ісіндегі білім, ғылым және тәжірибе үштігі» жобасын іске асыру бойынша Жол картасын орындау, мейіргерлік білім беру жүйесінде және мазмұнында жаңа формациядағы мейіргер ісі мамандарын даярлау, мейіргерлердің білікті жұмыс күшімен қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламасын іске асыру барысы туралы атап өтті.
Сондай-ақ, Қазақстанның танымал жұлдыздары мейіргерлер күніне арнап, өз ізгі тілектерін бейне-құттықтау арқылы жолдады. Білім алушылар мен мейіргерлер арасында сұхбат жүргізілді. Мейіргерлерге жұмысындағы күйзеліспен қалай күресетіндігін және қандай медициналық басылымдарға жазылғанын, сондай-ақ өз жұмысына қалай басымдық беретіні сынды білім алушылар тарабынан сұрақтар қойылып, қызықты жауаптарын алды.
База жетекшілері тәжірибеден өткен «Мейіргер ісі» мамандығы білім алушыларының жоғары теориялық білімін, тәжірибелік дағдыларын, зор жауапкершілігін жане үлгілі тәртібін жоғары бағалап, келесіде өтетін тәжірибелер бағытында білім алушылардың білім сапасын арттыру мақсатында ұсыныстар мен пікірлер білдірді.
Іс-шара соңында «ОҚМА» АҚ жанындағы медицина колледж директоры А.М. Кушкарова мейіргерлерді кәсіби мерекесі – халықаралық мейіргерлер күнімен құттықтап, мейіргерлерді алғыс хатпен марапаттады.