«12 мамыр - Халықаралық мейіргерлер күні»

2021 жылдың 12 мамыр күні «Мейіргер ісі» кафедрасы ZOOM онлайн платформасында "12 мамыр - Халықаралық мейіргерлер күніне" арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараға колледж деканаты, оқытушылар, аға мейіргерлер, №1 қалалық клиникалық аурухананың мейіргер-менторлары, №2, №3, №5 қалалық емхананың мейіргерлері және колледж студенттері қатысты. Колледж директоры Кушкарова А.М. мейіргерлердің кәсіби мерекесі - Халықаралық мейіргерлер күнімен құттықтады.

1698 1

«Мейіргер ісі» кафедрасының меңгерушісі Серикова Б.Д. "Мейіргер ісінің жаңа моделін дамыту" тақырыбында баяндама жасады. Ол мейіргер ісі мамандарын даярлаудың көпдеңгейлі жүйесі енгізілгенін және қазіргі қоғамдағы мейіргер ісі мамандарының рөлі жайлы атап өтті.

1698 2

«Мейіргерлер болмаса не болар еді» тақырыбында бейнеролик көрсетілді. Кәсіпқойлықтың, мейірімділіктің және сезімталдықтың, жанашырлық пен жауапкершіліктің арқасында мейіргерлер лайықты құрметке ие, олар науқастардың өміріне, денсаулығына, қуаныш пен үміт сезімін сыйлайды.

Бұл өздерін жауапты және игілікті іске, аурулардан айықтыруға, науқастарды өмірге қайтаруға арнаған мейіргерлердің мерекесі. Олардың шеберлігі мен тәжірибесі, адамгершілігі, жанқиярлығы, мейіргер мамандығын қоғамдағы ең құрметті мамандықтардың біріне айналдырды.

1698 3

Іс-шара соңында №1 Қалалық клиникалық аурухананың аға мейіргерлері Полатова З.Т., Мейірбекова Д.А., әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, оларға осындай игілікті және мәртебелі еңбекте үлкен табыстар тіледі.

1698 4

13.05.2021, 07:54
523 қаралым