12 мамыр – Халықаралық мейіргерлер күні

2023 жылдың 16 мамырында «ОҚМА» АҚ жанындағы Медицина колледжі «Мейіргер ісі» кафедрасымен бірге, «Халықаралық мейіргерлер күніне» арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шараға Шымкент қаласындағы «№1 қалалық клиникалық ауруханасы», «№2 қалалық клиникалық ауруханасы», «Облыстық клиникалық ауруханасы», «Ер-Ана» медициналық орталығының бас және аға мейіргерлері қатысты.

Іс-шара басында көрме ұйымдастырылды. Көрменің тақырыбы «Мейіргер ісі» БББ-ның білім алушылары мен ПОҚ-ның ғылым, инновация және білім саласындағы жетістіктеріне арналды. Ғылыми басылымдар, оқулықтар, дипломдар, медальдар және т.б. ұсынылды.

«ОҚМА» АҚ-ның оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры, м.ғ.д., доцент Анартаева Мария Ұласбекқызы мейіргерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, үлкен құрмет пен алғысын білдірді. Сондай-ақ жанқиярлық еңбектері үшін, амалын тауып, көмек қолын бергендері үшін алғыс хаттар табыстады. 

Іс-шараға шақырылған техникалық және кәсіптік білім беру, стратегиялық талдау және цифрлық технологиялар бөлімінің бас маманы Тоқтыбай З.Н. мейіргерлерге жылы лебізін білдірді.

«Мейіргер ісі» кафедрасының меңгерушісі Б.Д.Серикова «Орта буын деңгейінде денсаулық сақтау саласына «Мейіргер ісі» мамандарын даярлау жағдайы» тақырыбында баяндама жасады. «Мейіргер ісі» БББ білім алушыларын даярлау ерекшеліктерін, клиникалық мейіргерлік нұсқаулықтардың маңыздылығын, мейіргер ісіндегі электронды платформалармен оқытуды және менторлармен бірлесіп жүргізілген жұмыстардың тиімділігіне, сонымен қатар «Мейіргер ісі» БББ білім алушының жетістіктерін атап өтті.

Сондай-ақ «Мейіргер ісі» БББ білім алушылары «Ұзақ есте қалатын, мейіргер өмірінен оқиға» тақырыбында сахналық көрініс қойды.

«ОҚМА» АҚ жанындағы медицина колледжінің директоры Кушкарова А.М. мейіргерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, ынтымақтастығы мен жағымды бірлестігі үшін алғысын білдірді.

Медицина колледжінің білім алушылары әндер орындап, «Мейіргер мейірімі» тақырыбында бейнебаяндар көрсетті және «Мейіргерлік күтім» тақырыбында флешмоб өткізді.

19.05.2023, 11:04
370 қаралым