«12 мамыр-Халықаралық мейіргерлер күні»

2022 жылдың 12 мамырында «ОҚМА» АҚ жанындағы медицина колледжі «Мейіргер ісі» кафедрасымен бірге мейіргерлер күніне арналған «12 мамыр - Халықаралық мейіргерлер күні» атты мерекелік іс - шара өткізді. Іс-шараға Шымкент қаласының медициналық мекемелерінен «№1 қалалық клиникалық ауруханасы» «№2 қалалық клиникалық ауруханасы», "Облыстық клиникалық ауруханасы», «№3 қалалық емханасы» «№13 қалалық емханасы, «Шымкент жүрек орталығы» және «QAMQOR GR» ЖШС бас және аға мейіргерлері қатысты.
Мейіргерлерді құттықтау үшін «ОҚМА» АҚ ректоры, профессор М.Рысбековке сөз берілді.

«ОҚМА» АҚ ректоры, профессор Рысбеков Мырзабек Мырзашевич медицина саласындағы еңбегі үшін барлық мейіргерлерге алғыс хаттар табыс етті.

«Мейіргер ісі» кафедрасының меңгерушісі Б.Ж. Серикова «ҚР-да мейіргер ісінің жаңа моделін дамыту» тақырыбында баяндама жасады, ол клиникалық мейіргерлік нұсқаулықтардың, мейіргер ісінде электрондық платформалармен оқытудың маңыздылығын және менторлармен бірлесіп жүргізілетін жұмыстың тиімділігін атап өтті.

Сондай-ақ, аға мейіргер Ж.Е. Медетбекова «Шымкент жүрек орталығындағы мейіргер ісіндегі инновациялар» тақырыбында баяндама жасады, ол мейіргер ісі мамандарының жұмысындағы жаңа технологиялардың маңызы мен рөлін атап өтті.

«ОҚМА» АҚ жанындағы медицина колледж директоры А.М. Кушкарова мейіргерлерді кәсіби мерекесі-халықаралық мейіргерлер күнімен құттықтады.

Іс-шараға шақырылған облыстық клиникалық аурухананың бас мейіргері К.А. Мұратбекова мейіргерлерге жылы лебізін білдірді.

Сондай-ақ, «Мейіргер ісі» кафедрасының оқытушылары М.Мақатаевтың "Жоқ, дәрігер" сахналық қойылымын қойып, ән шырқады. «ОҚМА» АҚ жанындағы медицина колледж студенттері «Қол гигиенасы» тақырыбында флешмоб өткізді.

18.05.2022, 08:47
585 қаралым