«10 тамыз - Абай күніне» орай «Абай – дара, Абай –дана қазақта!» атты поэзия және мәнерлеп оқу сағатын өткізілуі туралы

ОҚМА қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасы қыркүйек айында «10 тамыз - Абай күніне» орай «Абай – дара, Абай –дана қазақта!» атты поэзия және мәнерлеп оқу сағатын өткізді. Іс-шара 1 курс студенттерінің қатысуымен өткізілді.
Абай Құнанбаев - қазақ ақыны, философы, музыкант, халық ағартушысы, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиеті мен әдеби тілінің негізін қалаушы. Абай халықты ағартуға жәрдемдесу үшін Шығыс және батыс мәдениетін жан-жақты зерттеп, осы мәдениеттің негіздерін өз халқына көрсете білді.
Қазақтың тамаша ақын Абайдың өлеңдері болмысты, өмірді, дүниетанымды, мінезді, жанды, дінді, менталитетті, тілді, халықтың рухын бейнелейді.
Осылайша, өткізілген іс-шара барысында студенттер - Бекбула Мақпал, Кенжехан Құдірет, Абутамил Қарақат, Кудиярханұлы Бектөре, Камал Қарақат, Әшірбай Нұрсұлтан, Оралбек Нурила, Кемешов Есімхан, Даумбет Нурила, Мырзакелді Мағжан, Мұсахан Арай, Ашкен Нурай, Әбутәліп Айназ - біздің бірегей
ақын Абай Құнанбаевтың бай рухани мұрасы поэтикалық шығармашылығымен және ұлы ақынға арналған өлеңдерін оқып тереңірек таныстырды
Кафедра атынан белсене қатысқан студенттерге алғыс айтылды.

06.10.2023, 15:01
268 қаралым