1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай салтанатты іс-шара

876 1

2016 жылдың 30 қараша күні, сағат 15.00-де Жастар саясаты бөлімі мен ОҚМФА студенттер альянсының ұйымдастыруымен 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай салтанатты іс-шара өткізілді. Іс-шараны клиникалық және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор Б.Қ.Нұрмашев ашып беріп, елбасының саясаты мен жеткен жетістігімізге тоқталып өтті. Кәсіподақ ұйымының төрағасы Е.Қ.Сәлім қызметте аянбай еңбек етіп жүрген, академия өміріне үлкен үлесін қосып жүрген әріптестерімізді құттықтап, қаржылай марапаттады. Жалпы медицина факультетінің студенті Б.Әбдіқұл Елбасымыздың өмірі мен атқарған жұмыстары аясында презентациясын ұсынып, баяндама жасады. Салтанатты шараның соңы мерекелік концертке ұласып, ақын студентіміз Қ.Иембердиев бояуы кеуіп үлгермеген арнауын оқып берді. 

Жастар саясаты бөлімі

876 2

876 3

876 4

876 5

876 6

04.12.2016, 22:09
364 қаралым