1-Желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күн!
Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күнді (Word AIDS Day) жыл сайын бүкіл әлем атап өтеді. Осыған орай 29-шы қараша күні жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы да жалпы қалалық Форум өткізді.
Форумға ОҚМФА-ның студент жастары,дәрігер- интерндер,магистранттар, дәрігер –резиденттер М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ның 1курс студенттері Шымкент медицина колледжінің 3 курс студенттері, сонымен қатар Облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес орталығы,Облыстық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтарынан мамандар қатысып, өз ойларын білдірді. Форумға қатысушылар АИТВ- науқастарын қоғамдық ортадан шеттетуге жол бермеу туралы өздерінің белсенді ойларын жеткізді.
Сонымен қатар, Қазақстандағы,ОҚО-дағы мәселелері жайлы және де оның алдын алу шаралары жайлы сөз қозғады. Форумда студент жастардың авторлық шығармалары,монологтары,сахналық көріністері,қабырға газеттері және бейнероликтер көрсетілді. Форумда анонимді түрде барлық қатысушыларға өз еріктерімен АИТВ инфекциясына экспресс-тест жүргізілді.