1 Қалалық клиникалық ауруханасында өткізілген конференция
2.12.2022 ж. Шымкент қаласының №1 Қалалық клиникалық ауруханасында "Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі" кафедрасының қызметкерлері, ғылыми-педагогикалық бағыттағы "Мейіргер ісі" білім беру бағдарламасының 1 курс магистранттары және студенттер "Білім, ғылым және тәжірибенің үштұғырлығы" тақырыбында конференция өткізді.
Кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент А.А.Сейдахметова алғы сөзінде қазіргі жағдайда ғылым, білім және тәжірибенің интеграциялауына маңызды орын берілетінін, инновация, пәнаралық, икемділік және тәжірибеге бағдарлану басым болып табылатынын атап өтті, олар кешенді ғылым дамуының қазіргі тенденциялары мен тәжірибе сұраныстарына сәйкес келетін білімі мен құзыреттілігі бар мамандарды даярлауды қамтамасыз етеді. Білім, ғылым және тәжірибенің интеграциясы олардың органикалық қосылысын қамтамасыз етеді.
Г.Е.Құралбаева, Г.Е.Әбдірасилова "Мейіргер мамандарының жаңа моделі" атты баяндама жасады. К.М.Шынтаева, Р.Б.Өтеміс - қатысушылар қызығушылықпен жауап берген сұрақтар мен жауаптар викторинасын ұйымдастырды. Қуаныш А.Б. - мейіргер ісіндегі интеграция туралы баяндады. Әрі қарай студенттер рөлдік ойынды - мейіргер жұмысының барысында туындайтын қақтығыс жағдайларды көрсетті. Барлық залды тарта отырып, флешмобты магистранттар көрсетті.
Іс-шараға шақырылған оқу-әдістемелік орталықтың әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Б.М.Рашева, аурухананың бас мейіргері Г.Б. Меймашова қызықты және өзекті конференция өткізілгені үшін алғыс білдірді.