№1қалалық клиникалық аурухананда өткізілген Workshop

2019 ж. 26 қарашасында "Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі" кафедрасы мейірбике ісі мамандарымен, магистранттармен, студенттермен бірлесіп, Шымкент қаласының №1 Қалалық клиникалық ауруханасының базасында "Медицина қызметкерлерінің санасының өзгеруі – уақыт талабы" тақырыбында Workshop ұйымдастырып өткізді.

Іс-шараны өткізудің мақсаты тәжірибелік денсаулық сақтау, медицина академиясы, магистранттар, студенттер арасында тығыз ынтымақтастықты дамыту болды. Іс-шараны өткізуге №1 қалалық клиникалық аурухана бөлімшелерінің мейіргер ісі мамандары, кафедра қызметкерлері, "Мейіргер ісі" білім беру бағдарламасының магистранттары мен студенттері белсене қатысты.

1464 1

Кафедра меңгерушісі А.А.Сейдахметова өзінің "Мейіргер ісі мамандарының әлеуетін арттыру" атты баяндамасында Флоренс Найтингейлдің айтқан сөзі: "Егер бізде жыл сайын, ай сайын, апта сайын мейіргер ісінде прогресс болмаса, біз артқа қарай жылжимыз", - өзекті мәселе деп атап өтті.

1464 2

Агрессивтіліктің төмендеуімен және эмпатия мен шыдамдылықтың жалпы артуымен қатар жүретін жеке сананың өзгеруі, медицина қызметкерлерінің әлеуетін арттыру, медицина қызметкерлерінің пациентпен өзара қарым – қатынасы, медицина қызметкерлерінің жеке және кәсіби сапасы - осы және басқа да мәселелер воркшоп өткізу барысында талқыланды. Қазіргі қоғамдағы мейіргер ісі мамандарының рөлі туралы бейнероликтер көрсетілді.

Магистранттар күнделікті медбикелердің тәжірибесінде кездесетін "Психологиялық сестрогения" қойылымын көрсетті, екінші бөлімде мейірбикенің жұмысында коммуникативтік дағдылардың рөлі көрсетілген.

1464 3

"Медбикелердің біліктілігін арттыру мүмкіндіктері" атты баяндамамен №1клиникалық аурухананың медбикесі Г.Д.Сапарова сөз сөйлеп, вебинарлар және қашықтықтан өткізетін оқыту түрлері туралы атап өтті. Қолданбалы бакалавриат білім беру бағдарламасының 3 курс студенті А.Суеркулова "Оқу және клиникалық тәжірибе байланысы" баяндамасында қолданбалы бакалаврларды дайындауда менторлардың рөлін атап өтті. Воркшоп аурухананың медбикелері ұйымдастырған флешмобпен аяқталды.

Workshop медбикелердің, магистранттардың, студенттердің тартымдылығы, ынтымақтастық мәселелерінің өзектілігі сияқты қойылған мақсаттарды табысты жүзеге асырды.

1464 4

28.11.2019, 04:05
246 қаралым