«СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ» АТТЫ АЙМАҚТЫҚ СТУДЕНТТІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

2024 жыл сәуір айының 25-і күні ОҚМА ұйымдастырған «Ғылым апталығы» аясында «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен ғұлама ғалым, қазақ халқынан шыққан тұңғыш академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Сәтбаев оқулары» атты аймақтық студенттік ғылыми конференциясы өткізілді. Білім алушылар мен оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарын жандандыру, оларды қазіргі тандағы ғылыми мәселелерді шешуге қызықтыру, сонымен бірге шығармашылық қабілетін арттыру, дарынды жастарды іріктеу және қолдау мақсатында өткізілген ғылыми конференцияға жоғары оқу орындарының білім алушыларымен бірге Шымкент қаласы және Түркістан облысы аудандарындағы жалпы орта білім беретін мектептерінің оқушылары өз ғылыми зерттеулерін ұсынды.
Ұйымдастыру алқасының құрамында болған кафедраның профессор-оқытушылар құрамы: Ж.О. Нұржанбаева – «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасының» меңгерушісі, PhD доктор, О.Туребаев - филос.ғ.к., доцент м.а., М. Турадилов - т.ғ.к., доцент м.а., Ғ. Айдарбекова - т.ғ.к., доцент м.а., А.Қабыл, аға оқытушы және А. Ибраимова, аға оқытушы. Конференция мәжілісіне ОҚМА Ғылыми-клиникалық жұмыстар, докторантура және магистратура басқармасы Ғылыми жұмыстар секторының меңгерушісі Сейіл Біржан Сейітұлы келіп қатысты. Академик Қ. Сәтпаевтың өмірі және қызметі мен ғылыми-ағартушылық көзқарастары бағытындағы ізденістер бойынша баяндалған жұмыстар мазмұнды болды. Ғылыми іс-шара қорытындысында баяндамалары үздік деп танылған қатысушыларға 1,2,3 дәрежелі дипломдар мен Алғыс хаттар табыс етілді.

02.05.2024, 12:29
104 қаралым