Тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор

Сәлім Ербол Қалтұрсынұлы

Филология ғылымдарының кандидаты

Тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор 

 

 

- 2000 жылы М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Өзге ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен қазақ әдебиеті» мамандығы бойынша, 2002 жылы осы университеттің «Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті, шет тілі» мамандығы бойынша магистратураны бітірген. 2021 жылы «Экология» мамандығы бойынша PhD докторантураны бітірген.

 

- 50-ден астам ғылыми еңбектері бар (соның ішінде Scopus деректер қоры бойынша халықаралық рейтінгілік журналдарында 2 жарияланымы бар), 10-нан астам «Қазақ тілі» оқулығының авторы, зияткерлік меншікке 1 авторлық куәлігі бар.

 

- Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы әдістемелік бірлестігінің төрағасы, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында 2007 жылдан бері Терминдерді мемлекеттік тілде қолданылуын қарастыру комиссиясының төрағасы, ҚР Денсаулық сақтау министрлі жанынан құрылған Терминдерді мемлекеттік тілде қолданылуын қарастыру комиссиясының мүшесі, ҚР Үкіметі жанынан құрылған латын графикасына көшу мәселесі бойынша комиссиясының мүшесі қызметтерін қоса атқарып келеді.

 

- 2020 жылы «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

28.05.2024, 11:52
332 қаралым