«Жылу сыйла» акциясы
14 ақпан 2024ж күні Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы жанындағы Болашақ АЖО құрамындағы «OQMA LEAGUE VOLONTEER» және «BIRLESU ұйымдары мен Қазақ, орыс және латын тілі кафедрасының ат салысуымен «Жылу сыйла» қайырымдылық акциясы өткізілді.
Қайырымдылық адамгершілік қасиетінің ең ізгі бастауы. «Жанашырлыққа — жан риза» дегендей аз қамтылған, қамқорлыққа зәру жандардың қамқоршысы болу, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу – «мен мұсылманмын» деген әр адамның азаматтық парызы.,
Жиналған қаржы аз қамтылған отбасылар мен қарттар үйіне жұмсалатын болады. Алдағы уақытта атқарар игі істеріміз көп болсын!
15.02.2024,
15:37
306 қаралым