ЖЫЛ САЙЫНҒЫ «ШҰҒЫЛ ЖАҒДАЙЛАР» БАЙҚАУЫ

2023 жылдың 5 наурызында «Шұғыл медицина және мейіргер ісі» кафедрасы «ОҚМА» АҚ тәжірибелік дағдылар орталығында «Жалпы медицина» білім беру бағдарламасы 5 курс ЖМКАБ-03-19, ЖМОБ-10-19, ЖМШБ-09-19, ЖМОБ-11-19 топтарының студенттері арасында жыл сайынғы «Шұғыл жағдайлар» атты конкурсын ұйымдастырды.
Студенттерді даярлаумен, ұйымдастырумен және өткізумен кафедра ассистенттері Юнусметов Эльдор Шавкатович, Әуезханқызы Дана, Ходжакулова Умида Абдувалиевна, Ерімбет Бекзат Мыңбайұлы, Арыбжанова Саида, Жуманова Ақмаржан Тимуровна айналысты.

Байқаудың модераторы «Шұғыл медицина және мейіргер ісі» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Айзат Әшімханқызы Сейдахметова болды.
Іс-шараға қазылар алқасы ретінде қатысты:
Алдешев Алмас Алдешевич - м.ғ. к., «Шұғыл медицина және мейіргер ісі» кафедрасының профессорының м.а.
Қауызбай Жұмалы Әіріпбайұлы - «Отбасылық медицина» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ. к., доцент, асс. профессор.
Сағтағанов Жақсыбек Ілесбекұлы - клиникалық жұмыс және дәлелді медицина бөлімінің басшысы.
сондай-ақ шақырылған қонақтар:
Досыбаева Гүлжан Нұрбекқызы - «Жалпы практика дәрігері-2» кафедрасының меңгерушісі, м. ғ. д., профессордың м.а.
Даткаева Гүлмира Махамбетқызы - «Жалпы практика дәрігері-1» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент.
Омарова Гүлайым Сарымсаққызы – «ОҚМА» АҚ тәжірибелік дағдылар орталығының дәрігер-нұсқаушысы.
Бергалиева Раушан Нұрмаханқызы- оқу-әдістемелік орталығының әдіскері.

Студенттер арасындағы жарыс бірнеше кезеңнен тұрды: жедел жәрдем көрсету дағдыларын көрсету және әртүрлі сыни жағдайларда науқастың жағдайын бағалау, жүрек-өкпе реанимациясын өткізу, викторина сұрақтары, жеке қатысу да, топтық жұмыс та бағаланды.

Биылғы байқаудың ерекшелігі студенттердің өздері оған дайындалып жатқандығында болды: оларға алдын-ала диагноз қоюға және командалық жедел жәрдем алгоритмін құруға тура келетін жауаптарсыз алдын-ала тапсырмалар берілді.

Викторина барысында қатысушылар шұғыл медицина, фармакология, хирургия және травматология саласындағы білімдерін көрсетті.

Нәтижесінде студенттер келесі номинациялар бойынша әртүрлі дәрежелі естелік сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды:
І дәрежелі диплом «Need for Speed» командасы ЖМҚАБ-03-19 топтарының құрамасы: Жолдасбек Әділет, Лес Айнұр, Қасымбекова Нұрбану, Тұрсынқұл Аружан, Жаңбырова Шұғыла, Медетбек Салтанат.
ІІ дәрежелі диплом «Invictus» командасы ЖМОБ-10-19 тобының құрамасы: Махамбетали Руслан, Иззатуллаев Нурулла, Керімбеков Еркебұлан, Муратов Ильхан, Маккамбаев Диас, Өстемір Дінмұхаммед.
ІІІ дәрежелі диплом «Indian warriors» командасы B-ЖМШБ-09-19 тобының құрамасы: Аншу Жану, Ядав Сакши, Шарма Васундра, Удайвал Прашант, Ядав Ниту, Вирендра Ядав.
Төртінші команда ЖМОБ-11-19 тобының «Люди в черном» болды: Мусаева Сафия, Кулахметов Султанбек, Кочкаров Эльёр, Валиди Хасан, Сайдахметов Илхамжон, Юлдашов Жахонгир.

Барлық қатысушыларға мемлекеттік емтихандарда және болашақ кәсіби қызметінде сәттілік тілейміз!
Байқаудың ұйымдастырушылары мен қазылар алқасына құзыреттілікті жетілдіруде және жоғары білікті кадрларды даярлауда Алғыс білдіреміз!

12.03.2024, 19:00
245 қаралым