Жыл қорытындысы – ректордың 2023 жылғы есебі
Ағымдағы жылдың 22 қаңтар күні Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ректоры, профессор М.М.Рысбековтың есептік кездесуі өтті.
Кездесу аясында Рысбеков Мырзабек Мырзашұлы жыл қорытындысы бойынша оқытушылар мен жұртшылыққа және кездесуге келген студент жастар алдында есеп берді. Есеп офлайн және онлайн түрде болды. Тікелей эфир ZOOM платформасында, оқу орнының ресми желілерінде жүргізілді.
Ректор өз есебінде студенттердің контингентін құру бойынша диаграмма түрінде мәлімет келтірді. Кітапханалық-ақпараттық орталық қоры да жыл сайын жаңа оқу әдебиеттерімен және ғылыми әдебиеттерімен толықтырылып отыр. Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2023 жылғы 14 шілдедегі №344 бұйрығымен «ОҚМА» АҚ-да "8D10141 – Медицина" мамандығы бойынша Диссертациялық кеңес ашылды. 2021-2022ж оқу жылында Денсаулық сақтау ұйымдарымен де келісім шарттар саны 50 болатын болса, 2022-2023 оқу жылында Тараз қаласынан екі денсаулық сақтау ұйымымен келісім шарт жасалды. Сонымен жалпы саны 52 денсаулық сақтау ұйымымен келісім шарт жасалды.
Академиялық ұтқырлық бойынша бізге келген профессор оқытушылар құрамымен білім алушылардың саны 2021-2022ж оқу жылымен салыстырғанда өсімнің барлығын айтты. Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында 9 бағыт бойынша тәрбие жұмысы жүргізіледі. Тәрбие жұмысы жоспарда көрсетілген іс-шаралардан артығымен орындалды.
2023 жылы оқу корпустары мен жатақханаларында (шатырды жөндеу, жылыту, жарықтандыру және электрмен жабдықтау жүйелерін қалпына келтіру) жүргізілген жөндеу жұмыстары туралы, студенттік жатақханаларда қолайлы жағдай жасау үшін сатып алынған тұрмыстық техника (ас үй электр плиталары, тоңазытқыштар, кір жуғыш машиналар, үтіктер, үтіктеу тақталары, теледидарлар) туралы хабарлады. Сондай-ақ университет кампусында оқу мен тұрудың қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету бойынша өткізілетін іс-шаралар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Академия жұмысының маңызды бағыттарының бірі – халықаралық ынтымақтастықты дамытатын негіз ретінде іргелі ғылымды дамыту. ОҚМА АҚ ғылыми зерттеулердің ұлттық зерттеу университетіндегі білім беру процесінің ажырамас бөлігі болуын қамтамасыз ету үшін жұмыс істейді.
Ректордың есебі оқытушылар тұрғындар мен студенттер арасында өз деңгейінде қабылданды. Жоғары деңгейде бағаланды.