«Жүректен жүрекке» Қайырымдылық ісіңнен көрінеді.

Сәуір айының 19-шы жұлдызында «Отбасылық медицина» кафедрасы ұжымы, ІЖТДҚ-13-22, ІЖТДҚ-14-22, ІЖТДҚ-19-22 топтарының дәрігер интерндерімен бірге, Шымкент қаласында орналасқан «Мамандандырылған балалар үйінде» «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты: дәрігер -интерндерді, әрбір азаматты қайырымдылық істерге тарту, баулу және балалар мен жасөспірімдердің арман-тілектеріне қол жеткізулеріне көмек беру, ортақ күш салу болды.
Кафедра қызметкерлері мен дәрігер интерндер балалардың көңіл-күйлерін көтеріп, сергіту мақсатында концерттік бағдарлама мен ойындар ұйымдастырды. Іс-шара, ата-ананың жылулығын көрмеген, тұғаннан балалар үйінде тәрбиеленген балаларға бір сәт болсын жан жылуын сездіртіп, көңіл күйлерін көтеру мақсатында жасалды. Сонымен қатар, кафедраның атынан балалар үйіне қайырымдылық ретінде қажетті заттар: шаңсорғыш, балалардың ойын дамытатын ойыншықтар, жаздық киімдер, тәттілер табысталды.
Қайырымдылық - адамның ізгі қасиеттерінің бірі, жүректегі мейірімнің сәулесі. Яғни, балаларға көмек көрсету, қайырымдылық жасау - адам жанының ізгілігінен, рухани дүниесінің байлығынан, ішкі әлемінің жарықтығынан шығатын игі іс. Қайырымдылық әрбір бала бойына сенім, жанына жігер ұялататыны сөзсіз. Бұл қайырымдылық іс-шара балаларға қоғамның қолдауын, қамқорлығын түсінуге мүмкіндік береді. Болашақта бұл балалар біздің қоғамға қамқорлық жасауды және қызмет етуді, өз Отанын сүюді жалғастырады!

23.04.2024, 18:39
238 қаралым