«Жүректен – жүрекке»
«ЖИТС- ғасыр дерті» және «Қызылша ауруының алдын алу шаралары» тақырыбы бойынша дәріс ұйымдастыруына байланысты ОҚМА ЖТД-3 кафедра оқытушысы А.О.Оралбек және Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясының 22-23 топ интерн дәрігерлері Шымкент қаласы білім басқармасының «№1 Қиын өмірлік жағдайдағы балаларға қолдау көрсету орталығына» 07.12.2023 жылы сағат 9-00-15.00 де түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Осындай іс – шараға 22-23 топ интерн дәрігерлері мен 21-23 топ интерн дәрігерлері жұмыла қолдау көрсетті. Балаларға күнделікті « ЖИТС- ғасыр дерті» және «Қызылша ауруының алдын алу шаралары» атты тақырыбында іс – шара слайд және бейне материалдармен ойындар арқылы көрсетілді. Ойын арқылы балалардың ой пікірлерін біліп, жауаптар алынды.
Интерн-дәрігерлер балалардың денсаулық жағдайына тексеру жұмыстарын жүргізіп, оның нәтижелерін жеке паракка тіркеп, денсаулық, жағдайына бағалау жүргізді. Іс-шара соңында балаларға жеке-жеке сыйлықтар таратылды. Осы жасалған жұмыстардың барлығы бейнеге таспалаған.