«Жүрегі жырдан жаралған»
2025 жылдың 17 сәуір күні Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының оқытушысы А.А.Исабекова және А.С.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті ақыны,Қазақстанның халық жазушысы Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 90 жыл толуына орай «Жүрегі жырдан жаралған» атты поэзия кеші өтті.
Поэзия кеші барысында ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған бейнеролик көрсетіліп, кітап көрмесімен таныстырылды. Сұрақ жауап негізінде өрбіген поэзия кешінде ақынның өлеңдері оқылып, логикалық ойындар ойналып, ақынның кең тараған «Құстар қайтып барады» әні шырқалды.Емдеу ісі, Мейіргер ісі тобының білім алушылары белсене қатысып, ақынның өлеңдерін оқып, алғыс хатпен марапатталды.
Шараның негізгі мақсаты Тұманбай Молдағалиевтің қазақ поэзиясындағы ерекше орны, ақындық талантын білім алушылардың жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, ақынның өлеңдерінің мәні мен маңызын түсіндіру, ақын мұрасының тереңдігін таныстыру болды. Артында өлшеусіз мол мұра қалдырған ақын қазақ халқының жүрегінде мәңгі сақталары сөзсіз.
