Жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының ассистенті Б. Е. Бейсетаеваның "HAN TV" ТК-де сөйлеген сөзі.

29.11.2023 ж. ҚР-да, әсіресе Шымкент қаласында қызылша бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты "HAN TV" телеарнасында инфекциялық аурулар және дерамтовенерология кафедрасының ассистенті, отыз жылдық өтілі бар педиатр-инфекционист Б. Е. Бейсетаевтың "қызылша, симптомдар, диагностика, алдын алу" тақырыбында сұхбат берілді.
Эфир барысында бірінші санатты инфекционист Батпа Ережепқызы балалар мен ересектердегі қызылшаның негізгі белгілерін сипаттап, қызылшаның салдары туралы айтты. Қызылшаның спецификалық және спецификалық емес профилактикасы туралы сұрақтар ашылды. Инфекционистке тележүргізушіден де, көрермендерден де сұрақтар қойылды, оларға толыққанды жауаптар алынды.

09.01.2024, 17:13
653 қаралым